болады (кейде 20 – 30 м/с-қа дейін барады). Конвекцияның
нәтижесінде конвекциялық бұлттар мен жауын-шашындар түзіледі.
КОНДЕНСАЦИЯ — заттың газ қалпынан сұйыққа айналуы
немесе қатаюы. Конденсация белгілі бір шектеулі температурадан
тӛмен жағдайда ғана болуы мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы
ылғалдылық молайып, температура тӛмендегенде, буға қаныққан
ауаның қозғалысы температурасы жоғары жақтан тӛменге карай
ығысуынан болады. Конденсация тұман және бұлт қалыптасуы
түрінде білінеді. Конденсация температураның тӛмендеуінен
немесе қысымының ӛзгеруінен болады. Булануға қарама-қарсы
процесс.
КОНСУМЕНТТЕР (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар –
қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін
ӛндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды
пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер
Консументтер болып табылады. Олар ӛздері пайдаланған
органикалық заттарды ақырғы ӛнімдерге дейін ыдыратпайды.
Консументтер
тобына
барлық
адам,
жануарлар
түрі,
микроорганизмдердің біраз тобы, паразит және жәндік жегіш
ӛсімдіктер жатады. Консументтер алғашқы (бірінші реттік)
және соңғы (екінші реттік) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа
ӛсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (ӛсімдік қоректі жануарлар,
паразит ӛсімдіктер, кейбір ―ӛсімдік қоректі‖ микроорганизмдер), ал
соңғысына – жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады.
―Консументтер‖ деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын,
бірақ олардың айырмашылығы Консументтерредуценттерге
(органикалық
қалдықтарды
бейорганикалық
заттарға
айналдыратын
организмдерге)
жатпайды.
Сонымен
қатар
Консументтер ұғымыавтотроф - гетеротроф организмдерін
жіктеуде емес, продуцент – консумент – редуцент қатарларын
жіктеуде
қолданылады.
Эколгиялық
жүйедеКонсументтер
басқарушы, теңестіруші буын рӛлін атқарады, сондықтан олар сан
және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым
болады.
Достарыңызбен бөлісу: