76
Дегенмен, білетін түсініктерін күнделікті іс-әрекетте кӛрсетуі орта деңгейде.
Осы саладан практикалық іскерліктерді айтарлықтай біледі, алайда оны
қалыпты кӛрсетуі толықтырулар қажет етеді. Ӛзіне деген сенімділіктері
орташа, сондықтан топтың ӛзге мүшелеріне айтарлықтай ықпал ете алмайды.
Ӛз бетінше шешім қабылдауға айтарлықтай ұмтылысы бар. Топта да
белсенділік таныта алады. Ал топтық іс-әрекеттерде кӛп кӛзге түсе бермейді.
Ӛзінің жеке іс-әрекеттерін түсінгендей болғанмен, талдау, бағалау кезінде
ӛзгелердің кӛмегіне сүйенеді.
3.Жоғары деңгей – педагогикалық
креативтілікке деген қызығушылығы
анық кӛрінеді. Мұның қоғам сұранысынан, әлеуметтік тапсырыстан туындап
отырғанын жетік түсінеді. Болашақ мұғалім үшін педагогикалық
креативтіліктің маңыздылығын толық түсінеді. Осы бағытта тұрақты
қызығушылығы
жоғары,
білімдерін
толыққанды
кӛрсете
алады.
Педагогикалық креативтілік жӛніндегі білімдері жеткілікті. Топқа тікелей
ықпал ете алады, достарын ӛз соңынан ерте біледі. Сын сағаттарында
батылдық, жігерлілік танытады. Жаңа идеяларды ойлап табуға, ӛз пікірін
дәлелді оралымды сӛйлемдермен жеткізуге бейім. Ӛзінің іс-әрекеттеріне
толық жауап береді, оларды ӛз бетінше талдайды және бағалай біледі.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, болашақ информатика
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
ағылшын тілінде меңгерілетін
пәндерді оқытуда қалыптастыру олардың кәсіби әрекетке айрықша
қызығушылығын, ұмтылысын, ӛзін-ӛзі жетілдіруге, дайындыққа және
жылдам шешім қабылдауға ұмтылатын, үдемелі кәсіби әрекеттің жаңа
аспектілері мен жағдайларына бейімделетін мамандардың негізгі,
кіріктірілген сапасын құрайтынын атап ӛткен жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: