Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет36/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

сәйкестігі. Бұл қағида болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыру үшін білім беру мазмұнын іріктеу кезінде 
дәстүрлі қалыптасқан білімді де, ғылым мен мәдениеттің қазіргі даму 
деңгейін кӛрсететін білімді де қосуды талап етеді.
2. Оқытудың мазмұнды және процедуралық тараптарының бірлігі 
қағидасы. Бұл қағида арқылы болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруға бағытталған білім беру 
мазмұнын жобалау кезінде тек мазмұнын ғана емес, сонымен қатар оны 
меңгерту технологиясы ескерілді.
3. Білім беру мазмұнының құрылымдық бірлігі қағидасы. Бұл болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін 
қалыптастырудағы оқу пәні, оқу материалы, педагогикалық іс-әрекет және 
білім алушылардың іс-әрекеті сияқты құраушылардың бірлігін қамтыды. Бұл 
қағида жеке тұлғаға бағытталған білім беруде ерекше ӛзектілік кӛрсетеді.
4. Білім мазмұнын ізгілендіру қағидасы. Бұл қағида болашақ 
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда 
білім алушылардың жеке тұлғалық және кәсіби дамуына бетбұрыс жасауға 
негіз болды.
5. Білім беруді іргелендіру қағидасы әртүрлі пәндерді кіріктіруге, 
пәнаралық байланыстарды орнатуға бағытталған. Бұл қағида аясында 
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру тек білім, дағдыларды қалыптастыру туралы ғана емес, 
ғылыми 
тұрғыдан 
алғанда, 
қоғамның 
әлеуметтік 
тапсырысының 
талаптарына, білім алатын адамдардың қажеттіліктеріне және ғылымның, 
мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім мазмұнын таңдауға мүмкіндік берді.


82 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру білім беру мен маман даярлау бағытында кешенді іс-шаралар 
аясында іске асырылатын күрделі сипатқа ие үдеріс. Оқыту - білім 
алушылардың білім мазмұнын (мәдени тәжірибені) игеруіне жағдай 
жасайтын арнайы ұйымдастырылған үдеріс [183].
Сондықтан, оны жүзеге асыруға негізделіп құрылған қызметтік-
үдерістік модельді заманауи оқыту моделіне бағдарланған оқыту 
әдістемесімен 
үйлестіру 
қажеттілігі 
бар. 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда келесі оқыту 
моделін басшылыққа аламыз [184] (сурет 5). 
Сурет 5. Оқыту моделі және оның ӛнімдері (Битем Элен бойынша) 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастырудың 
әдістемелік жүйесін қалыптастыруды 6-суретте мазмұндалған Битем Элен 
ұсынған оқыту моделі және оның ӛнімдері негізге алынды (кесте 8). 
Кесте 8 - Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі құраушылары 
№ 
Әдістемелік 
жүйе 
құраушылары 
Әдістемелік жүйенің сипаттамасы 
1. 
Мақсаты 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыру. 
2. 
Мазмұны 
«Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» 
элективтік курсы, «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні,
«Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» элективтік 
курсы 
3. 
Оқыту 
формалары 
Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі формалары (жеке, жұптық, 
топтық, фронтальдық). 
4. 
Оқыту 
әдістері 
Гностикалық 
әдістер: 
иллюстрациялық-түсіндірме, 
репродуктивті, жағдайлық, миға шабуыл, веб квест 
технологиясы, электронды портфолио. 


83 
Перцептивті әдістер: ауызша (әңгіме, нұсқау), цифрлық 
сторителлинг. 
Басқарушылық: оқытушының басшылығымен білім алушының 
ӛзіндік оқу іс-әрекетінің әдістері. 
Оқу іс-әрекетін бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау әдістері: ауызша 
және жазбаша бақылау әдістері, фронтальды, топтық, жеке т.б. 
5. 
Оқыту 
құралдары 
Оқытудың техникалық құралдары: компьютерлер, проектор, 
интерактивті тақта. 
Әр түрлі ақпарат кӛздері: Оқу құралдары, түрлі әдебиеттер, 
Интернет. 
Таңдалған және әзірленген дидактикалық материалдар жүйесі. 
Зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздері арқылы болашақ 
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру 
құрылымы келесі сызба түрінде айқындалды (сурет 6). 
Сурет 6 - Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыру құрылымы 
Біздің зерттеу мәселемізге байланысты жоғарыда келтірілген талдаулар 
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастырудың әдістемелік жүйесін құруға негіз болды. Білім берудегі 
әдістеме - жекелеген білім беру үдерістеріндегі педагогикалық іс-әрекеттің 
нақты тәсілдерін, тәсілдерін, техникаларын сипаттау ретінде анықталады. 
Мазмұндық құраушы кәсіби және оқу міндеттерін шешуге негізделеді.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда пәнаралық байланыстар аясында білім алушыларға 
ұсынылатын оқыту мазмұндары бойынша әдістемелік бaйлaныc орнату үшін
пcиxoлoгиялық-пeдaгoгикaлық нeгiз caлу қaжeт.
Болашақ информатика мұғалімін даярлаудың негізгі білім беру 
бағдарламасы Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартында анықталған пәндерден, және таңдау компоненті пәндерінен 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігі 


84 
тұрады. Бұл бағдарлама пәндердің келесі циклдерін қамтиды: Жалпы білім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет