Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет38/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

№ 
Пәннiң (мoдульдiң) aтaуы 
Кредит 
саны 
Ceмecтp 

Акмеология: жеке және әлеуметтік 
жетістіктер негізі 

IV 

Информатиканы оқыту әдістемесі 



Жаңа ақпараттық педагогикалық 
технологиялар 

VIІ 
Жоғары білім беру жүйесінде, атап айтқанда, болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда элективтік 
курс енгізу жолдары қарастырылған. 
Элективті (элективті курс) - electus-лат. «таңдаулылар», «іріктелгендер» 
екі қызметті іске асыратын білім алушының таңдауына ұсынылатын міндетті 
курстарды білдіреді. 
Кәсіби және әлеуметтік салада ӛз әлеуетін толық іске асыра алатын 
болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» 
(4кредит, 7 семестр) элективтік курсы бірнеше негізгі психологиялық-
педагогикалық қызметтерді атқарады: олар жеке оқу пәндерін терең зерттеуді 


86 
қамтамасыз ететін жаратылыстану курстарының «толықтырушысы»; 
кӛптеген негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар «Жаңа 
ақпараттық педагогикалық технологиялар» элективтік курсы мазмұнын 
икемді етеді, оны ғылыми-әдістемелік тұрғыда жасақтау және білім алушыға 
ұсыну мамандықтың білім беру бағдарламасы мен негізгі оқу жоспарына 
сәйкес жоғары білім беру ұйымдарында кәсіби деңгейде жүзеге асырылады.
Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлауға арналған білім 
беру бағдарламасына олардың педагогикалық креативтілігін қалыптастыру 
мақсатында ұсынылатын элективтік курстарының мазмұнын іріктеу кезінде 
олардың мазмұнына морфологиялық және функционалды талдау жүргізу 
маңызды.
Морфологиялық талдау барысында элективті курстың пәндік 
мазмұнының 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
тұрғысынан 
базалық 
жаратылыстану-ғылыми курстардың мазмұнымен, сондай-ақ ғылыми, кәсіби 
және құзыреттілік маңыздылығымен ӛзара байланысына баса назар 
аударылды. Келесі кезеңде зерттелетін нысандарды, үдерістер мен 
құбылыстарды сипаттауды, оларды сапалы түсіндіруді, теориялық деңгейде 
де, нақтылықты практикалық қайта құру деңгейінде де түсінуді қамтамасыз 
ететін оқу мазмұнының қызметтеріне талдау жасалды. 
Осылайша, болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыру үшін элективті курстарды білім берудің жоғары 
сатысының оқу үдерісіне енгізу, біздің ойымызша, зерттеу мәселесіне 
байланысты бірқатар мәселелерді шешуге кӛмектеседі:
1. Әрбір білім алушының жеке білім беру мүдделерін, бейімділігі мен 
қажеттіліктерін қанағаттандыру, соның нәтижесінде білім беру үдерісінің 
мотивациялық құрамдас бӛлігіне кері әсер етпейді;
2. Әрбір оқу пәні шеңберінде жеке оқу бағдарламаларын құру, яғни 
білім алушыларға стандарт талап ететіндей ӛз білімінің мазмұнын 
қалыптастыруға қатысуға нақты мүмкіндік беріледі;
3. Элективті курсты игеру кейіннен білім мен дағдыларды меңгеруді 
бақылай отырып, дербес жұмысқа шығарылатындықтан, білім алушылардың 
ӛзіндік жұмыс сағаттарын қамтамасыз ету;
5. Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру аясында олардың кәсіби құзыреттердің немесе құзыреттер 
құраушыларының қалыптасуын қамтамасыз ету. 
3.«Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» элективтік 
курсы 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру мақсатында 
5B011100-Информатика мамандығының 4-курс білім алушыларына «Жаңа 
ақпараттық педагогикалық технологиялар» (4 кредит, 7 семестр) элективтік 
курсы оқытылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет