Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет40/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

 
«Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» элективтік 
курсы пән модульдерінің мазмұны 
Модуль 1. Жаңа ақпараттық-педагогикалық технологиялар креативті 
педагогиканың философиялық және әдіснамалық негіздері. 
Креативті педагогика немесе креативті білім беру педагогикасы. 
Креативті педагогиканың негізгі түсініктері. Креативті педагогика ғылым 
және оқу пәні ретінде. Креативті педагогиканың зерттеу пәні мен нысаны. 
Креативті педагогиканың категориялық аппараты. Адамның танымдық іс-


89 
әрекетіндегі креативтілік мәселесіне кӛзқарастар. Оқу үдерісінде креативті 
ойлауды жандандырудың әдістері мен құралдары. 
Модуль 2. Креативті педагогикалық технология және оны іске асыру. 
Оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу құралдарының 
креативтілік критерийлері. Жаңа креативті педагогикалық технологияның 
мәні. Креативті педагогиканы компьютерлік қолдау құралдары. Креативті 
педагогикаға негізделген оқу үдерісін зияткерлік ақпараттық қолдау жүйесі. 
Креативті педагогикалық технологияны апробациялау. 
Модуль 3. Креативтік мәселелердің стандартты емес тиімді 
шешімдерін алу әдістемесі. 
Креативті қиялды дамыту және жаңа шешімдерді іздеу әдістері. 
Сынақ және қателік әдісі. Ми шабуылы. Ми шабуылында тиімді жұмыс 
істеуге арналған жаттығулар. 
Модуль 4. Креативті тапсырмалар жүйесі. 
Креативті сабақтың инновациялық құрылымы. Креативті тұлғаны 
дамыту моделі. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін үздіксіз 
қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық 
жүйесі. Креативті сабақтың құрылымына арналған әдістемелік ұсыныстар. 
Блоктардың мазмұны және олардың психологиялық негіздемесі. 
Модуль 5. Қарама-қайшылықтарды шешу тәсілдерімен жұмыс істеуге 
оқыту әдістемесі. 
Қайшылықтарды шешу тәсілдерінің жүйесі. Қайшылықтарды шешу 
тәсілдерінің тізімі. Қарама-қайшылықты шешудің қажетті әдісін іздеу 
алгоритмі. Қарама-қайшылықтарды анықтауға арналған жаттығулар жүйесі. 
Модуль 6. Оқушылардың креативтілігін дамытуға арналған ашық 
түрдегі тапсырмалар жүйесі. 
Ашық түрдегі есептердің картотекасын жасау тәсілдері. Ашық типтегі 
тапсырмалар. Оқу міндеттері. Ашық түрдегі оқу міндеттерін тұжырымдауға 
қойылатын талаптар. Ашық түрдегі міндеттерді бағалау критерийлері. Ашық 
типтегі қиындық деңгейлері [185]. 
Қopытa aйтқaндa, бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыруды қaмтaмacыз eтeтiн «Акмеология: жеке және 
әлеуметтік жетістіктер негізі» элективтік курсы, «Информатиканы 
оқыту әдістемесі» пәні, «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» 
oқу пәндepi бoлып тaбылaтыны aнықтaлды. Aл, аталған оқу пәндерінің 
мaзмұны бiз ұcынғaн oқу бaғдapлaмaлapы мeн oқу-әдicтeмeлiк құpaлдap 
apқылы қaмтaмacыз eтiлдi.
Сонымен қатар, бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудың мaзмұны теориялық тұрғыда негізделді. 
Eндi ocы тұpғыдa бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыруда aтaлғaн оқу пәндерін oқытуды ұйымдacтыpу 
мен іске асырудың әдістемелік құраушысын қapacтыpaмыз.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалқ креативтілігін 
қалыптастырудың қызметтік-үдерістік моделін іске асыруда оқыту 


90 
әдістемесінің 
маңыздылығы 
белгілі. 
Бұл 
болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда оқыту әдістері, 
оқытуды ұйымдастыру формаларды мен құралдарын қамтиды.
Осы орайда, R.Sternberg және W.Williams «Білім алушылардың 
креативтілігін дамыту жолдары» [186] еңбегінде ұсынған креативтілікті 
дамытудың 24 тәсілін қарастыру маңызды. Олар: 
- креативті үлгі; 
- сенімділігін қалыптастыру; 
- болжам жасауға кӛмектесетін сұрақтар; 
- мәселелерді анықтау
- идеяларды ойлап табуға ынталандыру; 
- ӛзара ой алмасу идеялары; 
- креативті ойлауға уақыт бӛлу; 
- креативтік нұсқаулар және бағалаулар; 
- креативті идеялар мен ӛнімдерді марапаттау; 
- тәуекелге баруды ынталандыру; 
- тұрақсыздыққа тӛзімділік таныту; 
- қателіктерге жол беру; 
- кедергілерді анықтау және жеңу; 
- жауапкершілікке үйрету; 
- ӛзін-ӛзі реттеуге ықпал ету; 
- бағалауға асықпау; 
- креативті серіктестікке үйрету; 
- бӛгде кӛзқарастарды ескеру; 
- адамның қоршаған ортасын тану; 
- алаңдаушылықтарды тани білу; 
- ынталандырушы ортаны іздеу
- күшті жақтарын тани білу; 
- креативті ӛсу; 
- креативтілікті насихаттау. 
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыруда біз саналы 
және бейсаналық деңгейде креативті ойлауға үйретеміз, креативтілікті 
практикаға бағытталған іс
‐әрекет, жаңа идеяларды қалыптастыру ретінде 
қарастырамыз; оны күнделікті іс-әрекетте инновациялық шешімдер 
қабылдауға үйретеміз. Осы мақсатта біз қарама-қайшылық ұстанымына 
негізделген және шығармашылық мәселелерді шешуге бағытталған 
шығармашылық ойлауды, шығармашылық қабілетті, танымдық кӛзқарасты 
белсендірудің бірқатар танымал әдістерін қолданамыз; білім алушыларға бір 
қарағанда гетерогенді тақырыптардағы ұқсастықтарды табуға, әртүрлі 
жүйелердің ӛзара әрекеттесуін сипаттауға және т.б. шығармашылық 
мәселелерді шешуде эвристиканы қолдану болашақ мұғалімге әлеуметтік 
ақпараттың кең ауқымы мен зерттеушінің жеке мүмкіндіктері негізінде 


91 
зерттеу тақырыбы туралы қолда бар ақпаратты әр түрлі тұрғыдан 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
Білім алушылардың педагогикалық креативтілігін қалыптастыру үшін:
- қарапайым және қол жетімді шығармашылық тапсырмалар беру;
- бәріне бұрыннан белгілі болған нәрсені жаңа жолмен тұжырымдауды 
сұрау; 
- білім алушылардың кез-келген әрекеттеріне қызығушылық таныту;
- олардың креативті шешім табуға деген ұмтылысын ынталандыру;
- қате болса да, жауаптың мағынасын арттыру және онда дұрыс 
мәлімдеменің басталуын іздеу шарттары ықпал етеді.
Мәселені шешу барысында болашақ информатика мұғалімдері бір-
бірімен пікір алмасып, ӛздерінің зияткерлік және шығармашылық 
қабілеттерін кӛрсете алды. Бұл жағдайда ӛзін-ӛзі дамыту оларды креативтік 
ойлау мен ӛнертабысқа ұмтылдырады. 
Егер білім беру үдерісінде болашақ информатика мұғалімі ӛмірлік 
тәжірибені қолдана алса, онда бұл оның жеке дамуына жол ашады және 
ӛзінің позициясын қорғауға деген ұмтылысты тудырады. Осы шарттарды іске 
асыру үшін:
- әрбір қатысушыға ӛз пікірін айту құқығын беру;
- даму үшін ынталандыру беру;
- қызметтің ӛзіндік стилін қалыптастыру маңызды [187].
Н.В.Шамшина [188] болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби 
даярлығында креативті ойлау қабілеттерін дамыту үшін «Информатика 
бойынша қызықты тапсырмалар» жобасын қолдануды ұсынады. Жобаның 
мақсаты – информатика бойынша ойын түріндегі тапсырмалар кӛмегімен 
оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Жоба информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
(АКТ) ойынға негізделген тапсырмалар жинағын әзірлеуді қарастырады, олар 
информатика мұғалімдеріне арналған шешімдер мен нұсқаулықтардың 
сипаттамаларымен бірге жүреді.
Жобаға қатысатын білім алушылар тобы үшін келесі тапсырмалар 
тұжырымдалған: әр түрлі ақпарат кӛздерінде (баспа, электронды және т.б.) 
информатика мен АКТ-дағы стандартты емес тапсырмаларды іздеу және 
таңдау жүргізу; компьютерде есептер шығару және тапсырмаларды орындау; 
таңдалған тапсырмаларды мазмұны бойынша және оларды шешу әдістері 
бойынша жіктеу; есептердің таңдалған түрлерін шешудің сызбасын 
нұсқаулық түрінде сипаттау; шешімін сипаттау арқылы ойын-сауық АКТ 
тапсырмаларының авторлық нұсқаларын ұсыну; мұғалімдерге арналған 
информатикадан электронды ойын-сауық жинағын құру; жинақты 
факультеттің веб-сайтына орналастыру.
Ғалымның пікірінше, жобаның тапсырмаларын орындай отырып, білім 
алушылар сыни ойлау, креативтілік, қарым-қатынас, шешім қабылдау, ӛз 
уақыттарын ұйымдастыру дағдыларына ие болады; стандартты емес 
тапсырмаларды 
шешу 
кезінде 
олар 
шығармашылық 
қиял 
мен 


92 
шығармашылық ойлауды дамытады. Оқытушылар мен білім алушылардың 
бірлескен шығармашылығы, ынтымақтастық пен қалыптасқан ұжымдық 
жұмыс кафедрада жұмыстың айтарлықтай нәтижелеріне әкеледі және жоба 
нәтижелерін қолданатындарға қажетті әдістемелік қолдау кӛрсетеді. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастырудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет