Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Шартты рефлекстің қалыптасу механизмі



Pdf көрінісі
бет79/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

Шартты рефлекстің қалыптасу механизмі
Шартты рефлекстің пайда болу механизмінің негізіне үлкен жарты 
шарлар қыртысындағы уақытша жүйкелік байланыстың тұйықталу принципі 
жатады.
Уақытша байланыс дегеніміз – шартты және шартсыз тітікендіргіштерді 
ұштастырғанда пайда болатын, әртүрлі ми құрылымдары арасындағы белгілі 
қарым-қатынасын 
қалыптастыратын 
мидың 
нейрофизиологиялық, 
биохимиялық және құрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. И.П.Павловтың 
пікірі бойынша, уақытша байланыс ми қыртысының шартты тірікендіруді 
қабылдайтын талдағыш орталығы мен шартсыз тітіркендіруді қабылдайтын 
өкілдік орталығы арасында тұйықталады. Уақытша байланыстар ми қыртысы 
деңгейінде қалыптасады. Физиолог Э.А.Асратянның пікірі бойынша, шартты 
рефлекстер ми қыртысында және оның астындағы орталықтар арасындағы 
көптеген тура және кері байланыстар арқылы тұйықталады. Бұл 
байланыстың тұйықталуы зерде механизмдері мен ми қыртысы 
орталығындағы үстемдік (доминанттық) ошақтың пайда болуына тәуелді 
(А.А.Ухтомский). 
12.3. Шартты рефлекстердің тежелуі. Динамикалық стереотип туралы
түсінік 
Шартты рефлекстер әр уақытта өзгеріп отырады және олар тежелуге де 
ұшырайды. Туа біткен (сыртқы немесе шартсыз) тежелу және жүре пайда 
болған (ішкі немесе шартты) тежелу деп ажыратылады.
Шартсыз тежелу – жүйке жүйесінің туа біткен қасиеті. Ол сыртқы 
бөтен тітіркендіру әсер еткенде бірден пайда болады, себебі әртүрлі жаңа 
тітіркендіргіш бағдарлау рефлексін тудырады. Сондықтан қалыптасқан 
шартты рефлекс кенеттен әлсірейді немесе басылып қалады. Шартсыз 
тежелудің екі түрі бар: сыртқы және шектен тыс тежелу. 


1. Сыртқы тежелу – қалыптасқан шартты рефлекс кезінде қандай да 
болсын бір бөтен тітіркендіру әсер еткенде, осы рефлекстің кенеттен әлсіреуі 
немесе жойылуы. Мысалы, жүріп жатқан шартты рефлекс кезінде бөтен 
тітіркендіргіш (жарық, қоңырау дыбысы) қосылса, ол бағдарлау әсерленісін 
тудырады да, шартты рефлекс тоқталады. Осындай орта жағдайының 
өзгерісінен пайда болатын реакция И.П.Павловтың пікірінше, «Бұл не?» 
деген рефлекс. 
Сыртқы тежелудің механизмі: сыртқы ортаның бөтен сигналы ми 
қыртысында жаңа қозу ошағын тудырады да, жүріп жатқан шартты рефлексті 
басады (доминантық принципі бойынша). Тежелу сыртқы деп аталатын 
себебі – жаңа қозу ошағы қалыптасқан шартты рефлекстің доғасынан тыс 
орналасады. 
Сыртқы тежелудің маңызы: сыртқы және ішкі орта өзгерістеріне 
организмнің жедел бейімделуін қамтамасыз етеді және қажет болса, жағдайға 
байланысты басқа әрекет жасауға мүмкіндік тудырады. 
2. Шектен тыс тежелу – сырттан төтенше күшті сигнал әсер еткенде 
пайда болады. Бұл тежелу қорғаныштық роль атқарады, ми қыртысы 
нейрондарын шектен тыс қозудан сақтандырады. Өйткені ми қыртысы 
нейрондарының белгілі бір деңгейге дейін жұмыскерлік қабілеті бар. Егер 
сыртқы тітіркендіру шектен тыс жоғары болса, қалыптасқан шартты рефлекс 
жойылап кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет