Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және әылым министрлігі бекіткен алматы, 011 £


болуы Геномды* ДНҚ ©ДНҚ-ң денатуращисы: жеке



Pdf көрінісі
бет25/100
Дата20.01.2023
өлшемі16,47 Mb.
#62106
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   100
Байланысты:
Биотехнология

болуы
Геномды* ДНҚ
©ДНҚ-ң
денатуращисы: жеке 
ДНҚ 
тізбектерінің 
□айда болуы
Нысана
Сиквенс
3+
3
© Праймерлер 
көмегімен ДНҚ 
тізбекті 
үзарту
I
I
3
Праймерлер
У '
Ө ДНҚ- по лммс раза 
өсерімен 
э р
праймерге 
нуклеотидтерді косу
/ Ш і
I
и
12-сурет.
Полимеразалы тізбек 
реакция 
(ПТР) 
жэне амплификатор 
ПТР амплификация реакцияларыи 
қамтамасыз 
ететін жабдык
(Оепошез. Сагіапсі 
Зсіепсе, 
2007)
44


буданның жыныстық буданға қарағанда артықшылығы көп. Жы- 
ныстық буданнан алынған ұрпақ ата-анасының қажет емес жа- 
рамсыз белгілерін ала жүру мүмкін. Онда бізге қажет бағалы бір 
ғана белгі болуы мүмкін емес. Осы себептен де жынысты жолмен 
будан ұрпақ алу генетикада шектелген. Тіпті біз көздеген қасиеті- 
мізбен қатарласып, зиянды белгінің де жарыққа шығу мүмкіншілі- 
гінде жоққа шығаруға болмайды, осындай белгілердің жарыққа 
шығуын жою үшін, қайта-қайта будандастыру керек. Ал бүл үшін 
уақытты зая кетіреді және қаражат жағынан шығынды артырады 
және жыныстық будан физиологиялық жағынан ғана жақын түр- 
лермен ғана шектеледі. Міне, сондықтан жыныстық будан биотех- 
нологияның даму қажетінің талабынан шыға алмайды, сол себеп- 
ті ғалымдар көп еңбек ету арқылы сомалық буданды ойлап тапты.
Сомалық будан нәтижесінде жыныстық процесс арқылы емес, 
басқа жасушалардың қосылу нәтижесінде будан алынады. Бүл 
будандастыру жыныстық будандастырудағы физиологиялық жа- 
қын түрлермен шектелмей, түр аралық қана емес туыс аралық, 
тіпті, оданда алшақ түрлерді будандастырады.
Жануарлар биотехнологиясында жасушалық инженерияны 
моноклонды антиденелерді алу үшін пайдаланады. 
Моноклонды 
антиденелер
В-лимфоцитер мен ісік жасушаларды будандастыру- 
дың нәтижесінде гибридомадан пайда болған өнім. Медицинада 
зиянды, уытты заттарды табу үшін, қазіргі кезде әртүрлі патоген- 
ді мнкроорганизмдерді анықтау үшін моноклонды антиденелерді
қолданады.
Сомалық жасушаларды химиялык, яғни арнайы химияльщ зат-
тармен, әсіресе, фюзогендермен (мысалы, полиэтиленгликольмен) 
өндеп, және физикалық тәсілдер (мысалы, электро өрісімен өндеп) 
арқылы будандастьфады. Жасушалық инженерия әдістеріне про- 
топластарды, сомалық жасушаларды қосып будандастырудан 
басқа, жасушалардың жеке бөліктерінен оларды қайта қүрастыру 
(реконструкциялау) да жатады. Жасушаны 
қайта қүраст ыру
(ре­
конструкция) — жасушаның қүрамына кіретін ядроны, цитоплаз- 
маны, митохондрияларды, хлоропластарды, хромосомаларды бір 
жасушадан басқа жасушаға көшіру негізінде мүлдем жаңа (химе-
ралық) жасушаны жасау.
Акуыздың инженерия және инженерлік этимология әдістері.
Ақуыз заттар тіршіліктің негізгі көзі деп қаралатындықтан, орга­
низм денесі түтас ақуыз затгардың жиынтығы (протеом) болып 
есептелінеді. Осы заттар қазіргі қоғамдағы ең көп сүранысқа ие
45


болған биотехнологияның ең басты зерттеу нысанысына айналды. 
Протеомика
ғылымьшың мақсаты - организмнің геномындағы 
кодталған барлық ақуыздарды және олардың бір-бірімен байла- 
нысын анықтау. Протеомиканың әдістемелік базасы - тірі жүйе- 
дегі ақуыздардың биохимиялық құрамы туралы ақпаратты алу.
Ақуыз инженериясының негізгі мақсаты: табиғи ақуыздардың 
құрылымына өзгерістер енгізіп өндіріске керек олардьщ касиетте- 
рін жақсарту немесе жаңа қасиетерін беру. Ақуыз инженериясы 
гендік инженерияның тәжірибелік әдістері мен тәсілдерін пайда- 
ланып ақуыз молекуласының кеңістік құрылымының өзгеруін іске 
асырады.
Ақуыз инженериясының жетістіктері әртүрлі өнеркәсіптерде 
және медицинада қолданылады. Ақуыз инженериясының тәсілде- 
рін пайдаланып, табиғи ақуыздардың құрылымы мен қасиеттерін 
өзгертіп биотехнологиялық үдерістердің талаптарына сай ақуыз- 
дар алынады. Қазіргі таңда ғалымдар вирустар мен ісіктердің да- 
муын қоздыратын, мутантты гендерімен байланысатын акуыздар- 
ды, мутантты гендерді зиянсыздандыратьш ақуыздарды, тиімділігі 
жоғары екпелерді жасайды. Фармацевтикалық препараттардың 
нысанасы ретінде қызмет атқаратьш жасуша қабықшаларының 
рецептор-ақуыздарын зертейді де дәрілер әсерінің механизмін 
анықтайды. Ақуыз инженерияны ақуыздардың сапасын өзгерту 
үшін қолданады, нәтижесінде азық-түліктің бұзылмай сақталуын 
қамтамасыз етеді, яғни ақуыз инженериясының көмегімен тағам- 
дық азықтарды жақсартады. Ақуыз инженериясының пайдалана- 
тын тағы бір саласы — хнмиялық және биологиялық зақымдауы 
үшін пайдапанатын заттар мен микроорганизмдерді бейтараптан- 
дыратын ақуыздарды қүру.
Организмде тіршілік үдерістерінің бірқалыпты жүруі фермент- 
тер әсеріне байланысты. Ферменттік реакцияларда пайда бола- 
тын жайсыз өзгерістер әртүрлі паталогияға, дертті өзгерістерге 
әкеліп соғады. Ферменттердің белсенділігін анықтау арқылы әр- 
түрлі өзгерістерге түжырым жасап, адамның, жануардың ауру 
жағдайын, диагностикасын бақылайды. Емханаларда кейбір ауру- 
ларды емдеуде пепсин, трипсин, химотрипсин сияқты протеолит- 
тік ферменттерді пайдаланады. Бір қатар ферменттер тамақ және 
жеңіл өнеркәсіптерде қолданылады. Ферменттерді тоқыма, фар­
мацевтика, былғары, медицина, ауыл шаруашылығы, органика- 
лык жүқа синтезде және т.б. өндірістердің әртүрлі салаларында 
биологиялық катализаторлар ретінде пайдаланады. Белгілі фер-
46


менттердің каталитикалық орталықтарын ақуыз инженериясының 
көмегімен жақсарту нәтижесінде биохимиялық ферментативті үді- 
рістердің тиімділігі күшейеді. Ақуыз инженериясының көмегімен 
адам қызметінің нәтижесінде табиғатқа енген бөтен зиянды зат- 
тарды ыдырататын жаңа ферменттер қүрылады. Ақуыз инжене- 
риясының міндеттері:
- ферменттердің ерекшілігі мен каталитикалық сипаттамала- 
рын өзгерту. Соньщ ішінде реакцияның жылдамдығын жоғарлату, 
Михаэлис константасын төмендету, рН оптимумын өзгерту, те- 
жеу сайтын жою;
- ақуыздардың қүрылымдық қасиеттерін өзгерту. Соның ішін- 
де, ферменттің температура мен органикалық еріткіштерге түрақ- 
тылығын арттыру, физикалық-химиялық қасиеттерді және ақуыз- 
дың молекулаішілік қүрьшысын өзгерту;
- жаңа жүйелерді күру (химералы және мультифункционалды 
ақуыздарды, ерекше домендерді ақуыз молекуласына енгізу)
- фармакология мен медицинада пайдалану үшін ақуыздар- 
дың емдеу қасиетінің тиімділігін жоғарлату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет