Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет32/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

Ш. Сәтбаева
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


59
қа ла сындағы «Жәрдем» баспаханасында 1912 жылы «Қазақ айнасы»,
«Қалқаман–Мамыр», «Еңлік–Кебек» поэмалары жекежеке жинақ ре тін
де басылды. 1924 жылы Семейде «Дубровский әңгімесі» баспа бетін көрді.
Оның көптеген өлеңдері, мақалалары, очерктері «Айқап», «Абай», 
«Шол пан», «Таң» журналдарында, «Қазақ», «Сарыарқа», «Қазақ тілі», 
«Ең бекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде басылды. Шәкәрімнің 
«Нар тайлақ–Айсұлу» поэмасы, «Әділ–Мария» романы, «Үш анық» фи
лосо фиялық туындысы өзі дүниеден өткеннен кейін оқырман игілі гіне 
айналды. Ш. Құдайбердіұлы қоршаған ортадағы өзгерістерге үнемі қызу 
араласқан. 
1878–1880, 1887–1888, 1902–1905 жылдары Шыңғыс елінде үш рет 
болыстыққа сайланған. 
1902–1913 жылдары Ресей географиялық қоғамының Семейдегі 
бөлімшесіне мүше болып, өз үлесін қосқан. 1917–1918 жылдары Алаш 
қозғалысына қатынасып, уездік земство жұмысына, Алаш сотының 
қызметіне араласады.
Көп ұзамай қоғамдықсаяси қызметтен алшақтап, даудамай мен ай
тыстартыстан іргесін аулақ салады. 1925 жылы Шыңғыстың Шақпақ 
аталатын өз қыстауынан он бес шақырымдай жерде қоражай салып 
алып, таза шығармашылық жұмыспен шұғылданады. 
Өмірінің соңына дейін елден оқшауланып, жазусызумен айналыса
ды. Алайда кеңестік саясат тыныштық бермей, Шыңғыстау көтерілісін 
ұйымдастырды деген айып тағылады. 1931 жылдың 2 қазаны күні НКВД
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


60
ның жендеттері ұлы ақынды атып өлтіреді. Ақынның мүрдесі ұзақ жыл
дар бойы құдықта жатты. 
Шәкәрімнің есімі екі рет ақталған. Біріншісі – 1959 жылы «Қазақ 
әдебиеті» газетінде бір бет өлеңі суретімен жарияланған болатын. Алайда 
оны баспаға ұсынғандар мен жариялаған адамдар жазаға тартылған. Со
лай дегенмен, бұл оқиға ақынның алғаш рет азаматтық ақталуы саналып, 
тарихта қалды. Екінші ақталуы – 1988 жылы Шәкәрім шығармалары 
кейбір түзетулер енгізіле отырып, кітап болып жарық көрді. Сол жыл
дан бастап Шәкәрім аты елге танылып, оның шығармалары көпшіліктің 
қолына тиді.
Бүгінгі күні Шәкәрім мұрасын зерттеу ісі жүйелі жүргізілуде. Ұлы 
ақын атындағы Шәкәрім университеті (Семей қаласы) оның тамаша 
ескерткішін тұрғызды, онда «Шәкәрімтану» ғылымизерттеу орталығы 
қызмет жасайды. «Шәкәрім» энциклопедиясы, «Шәкәрім» журналы,
«Шәкәрімтану мәселелері» сериялық жинақтары жарыққа шықты.
Қазір жержерде «Шәкәрім оқулары», «Шәкәрім апталығы» сынды түр лі 
байқаулар ұйымдастырылып тұрады. 
Шәкәрім шығармашылығына байланысты көптеген кандидаттық, 
докторлық диссертациялар қорғалған. Ақын өмірі мен шығармашылық 
мұрасын зерттеу объектісіне айналдырған «Шәкәрімтану» ғылымизерт
теу ұғымының негізі қаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет