61
тіл білуі оның тамаша аудармалар жасауына алғышарт еді.
Хафиз дің
лирикалық шығармаларын, Физулидің «Ләйлі–Мәжнүн» дастанын аудар
ды. Орыстың классикалық әдебиетін терең зерттеп оқыды. А.С. Пуш киннің
«Дубровский» романы мен «Боранын» өлеңмен аударды».
5-тапсырма. «Шәкәрім және әдебиет», «Шәкәрім және Алаш» тақы
рыптары бойынша өздерің ізденіп, ғылыми талдау жасап, шағын баянда
ма әзірлеңдер.
6-тапсырма. Шәкәрімнің болыстыққа сайлануы туралы деректер іздеп,
білгендеріңді айтып беріңдер.
7-тапсырма. «Шәкәрім және ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымда
ры» тақырыбында әңгіме өрбітіңдер. Білгендерің туралы бірбіріңе
айтып беріңдер.
8-тапсырма. Шәкәрімнің «Бостандық таңы атты»
өлеңінен берілген
үзіндіден түсінген тарихи оқиғаны қорытып, эссе түрінде жазыңдар.
Бостандық таңы атты, қазағым,
көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер.
Таң артынан хақиқат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.
Арамдық, аразды түбімен жойыңдар,
Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.
Намыс, жігер,
бойыңа жиып қайрат,
Қажымай адалдық жағында болыңдар.
Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,
Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.
Күндестіктің
өзімшіл көзін құртып,
Ұмтылып, ерікті ел болып қалыңдар.
Ар түзер адамның адамдық санасын,
Ақ жеңіп шығады арамның қарасын.
Адал еңбек, ақ жүрек
берер шешіп,
Таза ақыл қосылса, әлемнің таласын.
...
Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе
алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып әніме саларсың!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019
а 217