Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет30/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

1-тапсырмаӨлеңде айтылған ойға сипаттама бе ріңдер. 
2-тапсырма. Берілген өлең жолдарын пайдалана отырып, шығар маның 
идеясын дәптерлеріңе қорытып жазыңдар. 
3-тапсырма. Шығармада баяндалатын оқиғалар тізбегіне назар аудара 
отырып, авторға мінездеме беріңдер. 
4-тапсырма. «Жерсіз – ел жетім...» тақырыбында өз ойларыңды баян
даңдар. Өлеңнен дәлел тауып, мағынасын түсіндіріп беріңдер. 
5-тапсырма. Өлең құрылысына қарай талдап, дәптерлеріңе жазыңдар.
6-тапсырма. Төмендегі үзіндіні пайдалана отырып, ел болашағын қор
ғаудағы Махамбет Өтемісұлының еңбегі туралы білгендеріңді айтып 
беріңдер. Мұғалімнің кеңесін басшылыққа алыңдар. 
Ойды алған үш Оймауыт, тоғыз Тортай,
Кең қоныс мұсылманға қалынбады.
Үш қиян – жеті жұртты тоздырған жер,
Жер үшін қайыры жоқ тарылмалы.
Шекшекей, Құтым қашып, Әбенді ұстап,
Ерлерге ерегіскен не қылмады?!
Бір қазақ еркек болса Махамбеттей,
Мұны да аңсыз күні жазымдады.
7-тапсырма. Өлеңдегі көріктеу құралдарын таба отырып, олардың 
қолданылу ерекшелігіне мән беріңдер: 
Бұ қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


57
Қазтуған, Асанқайғы, Орақ, Мамай,
Біз түгілі осыларды да алған қоныс.
Бұ қоныс – жеті жұрттың кеткен қоныс,
Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.
Кемелсіз қонған елін көп тоздырған,
Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?
Әуелде құтты болса неге кетті,
Еңіреп Қазтуғанның көшкен қоныс.
8-тапсырма. Берілген шығарманы оқи отырып, түсінгендеріңді эссе 
түрінде жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет