123
4-тапсырма. Повестің тақырыбы мен идеясын анықтаңдар. Кейіп
керлердің бойындағы ұлттық характерді
білдіретін сөздерді теріп
жазыңдар.
5-тапсырма. Шығармадан тура және жанама мінез деу арқылы жа
салған көркем бейнелерді тауып талдаңдар. Гротеск тәсілімен жа
салған
көріктеу құралдарын тауып, мағынасын түсіндіріңдер.
Әдебиеттің халықтығы деп шығарманың халықтың тілекмүд
десіне толық сәйкес келер идеялықкөркемдік сапасын айтамыз. Шы
найы халықтық әдебиет заманның ең озат арманмұраттарын бейнелеп
көрсетеді. Шығарма толық мәнінде халықтық сипат алу үшін жазушы
сол дәуірдегі қоғамның дамуынан туындап отырған, тарихтың өзі алға
қойған ең көкейкесті мәселелерді толғай білуі және оларды халықтың
көзімен қарап, түсініп, көркемдеп баяндап беруі шарт. Әдеби шы
ғарманың халықтық сипатын арттыра түсетін маңызды ерекше
лік –
оның қалың қауымның, оқушы жұртшылықтың ойсанасына
жана сымдылығы, ұғымтүсінігіне
жақындығы,
өмір құбылыстарын
бейнелеу шеберлігінің мейлінше
қарапайым және көркем болып
келуі.
З. Ахметов
Ұлттық характер – әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлт тық сипа
тымен ерекшеленген мінезбітімі, оның
белгілі бір халықтың өкілі
екендігін танытатын
психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі.
Өнерде, әдебиетте адам бейнесі нен бұл қасиет толық көрініп отырады.
Әр халықтың өз эпи калық туындыларын олардың талай замандар ұлт
болып қалып та суынан бөліп қарауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: