Танова, А. К. Жундибаева


Мәтінді тыңдап, теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, тал даңдар.  1-мәтін



Pdf көрінісі
бет44/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

1. Мәтінді тыңдап, теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздерді
тауып, тал даңдар. 
1-мәтін. Уақыты – 10 минут.
2. Мәтінді тыңдап, Жамалға деген автордың көзқарасын анықта. Автор 
Жамалдың бейнесін ашуда қандай сөздерді қолданған?
2-мәтін. Уақыты – 10 минут.
9-тапсырма. Романнан алған әсерлеріңді баяндап, авторға хат жазыңдар. 
10-тапсырма. Романдағы негізгі оқиғалар мен тартысты Шәкәрімнің 
«Еңлік–Кебек» дастанымен салыстыр. Екі шығармадағы жастардың да 
бақытты бола алмауына не себеп болғанын айтып бер. Романдағы тарихи 
уақыт пен көркемдік ерекшелікті сарала.
7-тапсырма. Шығармаға композициялық талдау жасаңдар. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


108
11-тапсырма. Романның оқиғасына байланысты өз ойыңды шағын эссе 
түрінде жаз. Эсседе шығарманың көркемдікидеялық құндылығына баға 
бер. Жамалдың тағдырының не себепті қайғылы аяқталғанына назар 
аудар.
12-тапсырма. Роман бойынша жазылған ғылыми талдауларға сүйене оты
рып, романның сюжеті, автордың тіл шеберлігі, кейіпкерлерінің ерек
шеліктері туралы сыни пікір жаз. (Р. Нұрғали құрастырған «Қазақтың 
100 романы» анықтамалығын пайдалануға болады).
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ
(1910–1982)
Бауыржан Момышұлы – халық қаһарманы, 
қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы 
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көл
бастау деген жерде туған. Бауыржан Момышұлы 
жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз 
уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті 
әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жа
рым жыл жүріп, командир атағын алады. 
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысы
мен, 
Бауыржан 
Момышұлы 
генералмайор
И.В. Пан филовтың басшылығымен Алма ты ма
ңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар ди
визиясының құрамында майданға аттанады. Ол батальон, полк ко мандирі 
қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардия лық диви
зияны басқарады.
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлына 1990 жылы Кеңес 
Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Момышұлының қаһар
мандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волоколамск тас
жолы» повесінде жанжақты жазды. Б. Момышұлының өміріне арналған 
Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) романы жарық көрді
«Қазақфильм» киностудиясы «Ел басына күн туса» (1967) көркемфильмін 
түсірді. Москва академиялық драма театры Момышұлы туралы «Волоко
ламск тасжолы» спектаклін қойды. «Офицердің күнделігі» (1952), «Бір 
түннің тарихы» (1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956, орыс тілінде) 
атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрді. Момышұлы еңбектерін 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


109
орысқазақ тілдерінде бірдей жазды. Мұнымен қатар «Жауынгердің 
тұлғасы» (1958), «Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс 
тілінде), «Генерал Панфилов» (1963, қазақ тілінде – 1966), «Төлеген 
Тоқтаров» (1965), «Куба әсерлері» (1965), «Ел басына күн туса» (1970), 
«Ұшқан ұя» (1975), «Адам қайраты» (1981) т.б. кітаптары жарық 
көрді. Шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылды. Бауыржан 
Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы басылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет