Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет26/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
зияндылық— міндетті ережелермен сақталушы қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіру
әкімшілік жауапкершілік — тиісті әкімшілік жазалар қолдану. 
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі 
мен субъектісі, әкімшілік құқық бұзушылықтың объективтік және субъективтік жақтары 
құрайды. 
Оқымысты-заңгерлер әкімшілік құқық бұзушылықтарды темендегідей түрлерге 
бөледі: тұлғаға қарсы, мемлекетке қарсы, қоғамдық өмірге қарсы, меншікке нұқсан 
келтіруші құқық бұзушылық. 
Әкімшілік жауапкершілік заңмен, сондай-ақ заңға бағынышты актілермен де 
белгіленеді. Әкімшілік жауапкершілікке негіз әкімшілік құқық бұзушылық болып 
табылады. Әкімшілік жауапкершіліктің субъектілері нақты тұлғалар да, ұжымдық 
бөліністер де бола алады. 
Заң шығарушы әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайларын да қарастырған
олар — аса қажеттілік, қажетті қорғану және есі дұрыс еместік. 
4. Әкімшілік жазалардың түрлері, оларды салу тәртібі. 
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазалар қарастырылған. 
Әкімшілік жазаларды өкілді органдар мен лауазымды тұлғалардың үлкен бөлігі 
қолданады. 
Әкімшілік жазаны қолдану соттылыққа және жұмыстан босатуға әкеп соқпайды. 
Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде жасы он 
алтыға толған тұлғалар жатады. 
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның төмендегідей түрлері 
қолданылуы мүмкін: ескерту, айыптар, құқық бұзушылықтың тікелей объектісі немесе 
құралы болған мүліктерді қайтарымсыз алу немесе тәркілеу, азаматқа берілген арнаулы 
құқығын (көлік құралдарын жүргізу құқығы, аң аулау құқығы) алып тастау, әкімшілік 
қамауға алу (15 күнге дейін), кәсіпкерлік қызметке бақылау қою (1 жылға дейін), белгілі 
бір қызметпен шұғылдануға рұқсат ететін лицензиясын, патентін алып қою (6 айға дейін). 
Ұсақ бұзақылық — қоғамдық орындардағы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың 
тыныштығын бұзушы бейпіл балағат, азаматтарды қорлау және басқа да осыған ұқсас 
әрекеттер - заңдылықтармен белгіленген 20-дан 100 пайыз есептік көрсеткіш көлеміндегі 
айыппен жазаланады. Ал егер істің жай-жапсары бойынша, бұзақының жеке басының 
есебімен, бұл шараларды қолдану аздық ететін болса, онда жазалау шарасы ретінде 15 
тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу қолданылуы мүмкін. 
Басқаның мүлкін ұрлық, алаяқтық, иемденіп кету, ысырап ету, қызмет бабын асыра 
пайдалану жолымен ұсақ ұрлау (ұрланған мүліктің құны 10 еселік есептік көрсеткіштен 
аспайды) заңдылықпен белгіленген есептік көрсеткіштің 10 еселік көлемінде айыпқа 
тартылады.
Әкімшілік жауапкершілік шараларынан басқа атқарушы билік органдары әкімшілік 
мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкін. Әкімшілік мәжбүрлеу — атқарушы органдар 
мен лауазымды тұлғалардың заңға негізделген және қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық 
қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-
әрекеттері. 
Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары соттан тыс тәртіппен қолданылады. Дегенмен, 
жекелеген жағдайларда оларды соттар да қолданады — әкімшілік құқық бұзушылық 
жасағаны үшін барынша қатаң әкімшілік жаза белгілеген жағдайларда. 
Әкімшілік заңдылық әкімшілік мәжбүрлеудің төрт түрін ерекшелейді: ең алдымен, 
табиғат апаттары, бақытсыз оқиға жағдайларында құқықтық бұзушылықты ескерту 
мақсатында қолданылатын әкімшілік-ескерту шаралары. Олар азаматтардың өмірі мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет