104
Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің
деңгейінжәне оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі
ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әр түрлі саласындағы тапсырмаларды
шешуде мектептік білім мазмүнының қолданбалық сипатына және
оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен
практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру
үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері
қалыптасуы тиіс. Мектептің алдында тұрған үлкен мәселе – шынайы өмірге
белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой – өрісі кең, сауатты, танымдық
әрекетке қызығушылығы мол оқушы білімнің қолданбалылығын дамытуды
қамтамасыз ету. Функционалды сауатты болу үшін оқу және жазу,
жаратылыстану ғылымдарындағы, математикалық, компьютерлік отбасылық
өмір, денсаулық және тағы басқа сауаттылықтар қалыптастыру қажет соның
негізінде өмірлік дағдылар қалыптасады. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап
көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға,
кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді. Биология сабақтары оқушылардың
мәдениеттін, ойлау интелектуалды дағдыларын сонымен қатар функционалды
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бұл жұмыстарда берілген
материалдар оқушылардың әр түрлі деңгейдегі функционалды сауаттылығына
талдау жасау арқылы оқушының қалыптасқан оқу – білу құзіреттелігінің XXI
ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері. Мұғалім мен оқушының іс-
әрекетінің байланысын әр түрлі кезеңдерде функционалды сауаттылығының
қалыптасуын мақсаттылық, жоспарлау, шешім қабылдау, орындау, нәтижеге
баға беру арқылы жүзеге асыруға болады. Биология сабақтарында алғашқы
сауаттылықтың қалыптасу кезеңдерімен жүзеге асады. Биологиялық білім
қазіргі жағдайда ерекше рөл атқарады. Біз экологияға іргелі биологиялық
ғылым ретінде қойылатын талаптарға сәйкес экологиялық білім беруді де
қосамыз. Бір жағынан, дәл осы білім беру және табиғатты сақтау миссиясын
жүзеге асырады, адамзаттың қауіпсіздігі мен өмірінің кепілі болып табылады.
Екінші жағынан, соңғы онжылдықта қоғамның сапалы дамуына деген үміт
биология ғылымының жетістіктерімен байланысты. Мұның бәрі биологиялық
білім берудегі өзгерістермен қатар жүру керек, бұл оны халықтың қалың
тобына қажет етеді. Биология сабағында әр түрлі тапсырмаларды тиімді етіп
орындау оқушылардың білімін күшейтеді. Биология сабағында осындай
тапсырмаларды қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: