«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері


№1 тапсырма. Көбею. Өсу және даму бойынша Ия/Жоқ жауаптары



Pdf көрінісі
бет48/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
№1 тапсырма. Көбею. Өсу және даму бойынша Ия/Жоқ жауаптары 
арқылы көрсет. 
1. Ұрпағында ата-анасының белгілері тең кезедеседі. 
Ия/Жоқ 
2. Жыныссыз көбеюдің кез келген формаларында дара хромосома жиыны бар 
гаплоидті жасушалар түзілмейді. 
Ия/Жоқ 
3. Ұрпағы анасының ағзасын дәлме-дәл көшіреді.
Ия/Жоқ 


105 
4. Жынысты үдерістің басты ерекше қасиеті – жыныс жасушаның – гаметаның 
қалыптасуы. 
Ия/Жоқ 
5. Гүлді өсімдіктер ұрық түзбейтін болса, қоректік заттар синтездеуге энергия 
жұмсамайды. 
Ия/Жоқ 
6. Гүлдерде тек қана аналықтары немесе аталықтары болатын өсімдіктер бар. 
Ия/Жоқ 
Бағалауы: «5» -9, «4» - 7, «3» - 5, «2» - 4 кем болса 
№2 тапсырма. Ашық тест
1.Жел арқылы тозаңның тасымалдану үдерісі. Осы ақпаратты қолдана отырып, 
төмендегі қорытындының қайсысы дұрыс 
А. Жәндіктермен тозаңдану. 
В. Айқас тозаңдану. 
С. Жел арқылы тозаңдану. 
Д. Тозаңдану 
Жауабы: Жел арқылы тозаңдану.
2. Міндетті түрде жыныс жасушасы – гаметалар қатысатын ағзаның көбею типі. 
А. Жынысты көбею 
В. Жыныссыз көбею 
С. Вегетативті көбею 
Д. Тозаңдану 
№3. Тапсырма .
1.Толық түрленіп даму – тура емес даму кезінде жұмыртқадан шыққан 
дернәсілдер ересек жәндікке мүлде ұқсамайды. Неліктен ұқсамайтынын 
түсіндіріңіз. 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________________________________________________ 
Жауабы: жұлдыз құрттар көбелекке ұқсамайды, ал көзі және басы жоқ шыбын 
дернәсілі құрттарға көбірек ұқсайды. Ересек жәндікке айналу үшін бұл 
дернәсілдер тыныштық сатысына өтуі – қуыршаққа айналуы керек. Жануар 
қуыршақ сатысында болған кезде қозғалмайды, қоректенбейді, оның мүшелері 
толық қайтадан түзіледі. Мысалы, қанаты, мұртшалары, басқа көру мүшелері 
қалыптасады. Бұл жай ғана өсу емес – дене мөлшері ұлғаяды. Осылай толық 
түрленіп дамитын жәндіктің дамуы төрт сатыдан тұрады: жұмыртқа – дернәсіл 
– қуыршақ – ересек жәндік.
2. Тура даму кезінде эмбриогенез аяқталған ағза ересек жануарға ұқсайды. 
Неліктен ұқсайтынын түсіндіріңіз. 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________________________________________________ 
Жауабы: Дене мөлшерінің кіші болуы, және жыныс мүшелері қалыптаспаған. 
Бірақ сырттай ересек дараға ұқсас, тек мөлшері кішкентай болады. Тура даму 


106 
қосмекенділерден басқа барлық омыртқалы жануарларға тән. Көп жасушалы 
омыртқасыздардан тура даму көптеген шұбалшаңға, құрсақаяқтыларға және 
басаяқты ұлуларға, өзен шаянына және бүкіл өрмекшітәрізділерге тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет