Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет14/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Байланысты:
4.2 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

17 оңалту орталықтары, 558 – логопедтік пункттер, 57 – ПМПК жұмыс 
істейді. 


21 
39 арнайы балабақша мен 315 арнайы топта мектепке дейінгі жастағы 
даму мүмкіндігі шектелген 15 мыңнан астам бала тәрбиеленіп, білім алуда (2012 
жылы – 4 945 бала).
106 арнайы (түзету) мектептерінде және жалпы білім беру мектептерінің 
жанындағы 1219 арнайы сыныпта мектеп жасындағы 25 мың бала негізгі сегіз 
түр мен үлгі бойынша білім алуда.
Қазақстан Республикасында 65 844 мүгедек бала тіркелген, олардың ішінде 
үйде оқытылатыны – 8 796 (2011 ж. – 8527 адам). 
Есту қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында кемшілік бар, сөйлеу 
қабілетінде ауыр кемшілігі бар және психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды 
оқыту жалпы білім беру мектептеріне арналған оқулықтар бойынша жүзеге 
асырылады. Нашар көретін оқушылар ірі қаріппен басылған оқулықтар бойынша, 
зағип оқушылар Брайль қарпінің көмегімен жазылған оқулықтар бойынша оқиды. 
Балалардың осы санаттарын үйде оқыту үшін Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігі «Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасының» шеңберінде 2011 – 2013 жылдарға
млрд. тг сомасында қаржылай қаражат көздеген
Айталық, 2011 жылы жеке 
ерекшеліктері, мүмкіндіктері, қажеттіліктері ескеріле отырып, интернетке 
қосылған компьютер техникасымен және бағдарламалық қамтумен қамтамасыз 
етілген мүгедек балалардың саны 2725 болды, 2012 жылы – 2637, 2013 жылы – 
973.
 
Тірек-қимыл аппаратында кемшілігі бар балалар үшін қозғалудың жеке 
құралдарымен бірге бүгінгі күні арнайы клавиатуралар мен манипуляторлар, 
нашар еститін балалар үшін – жеке құлақ аппараттары, микрофоны бар дыбыс 
зорайтқыш жүйе, тифлотехникалық құралдар сатып алынады. 
Бүгінде арнайы мектептерді қоса алғанда, білім беру ұйымдарының 43%-ы 
мүмкіндігі шектелген балалардың танымдық тұрғыдан дауын ынталандыратын 
мультимедиалық білім беру жүйелерімен (Eduplay, Multikid, Sound beam), 
қамтамасыз етілген. Арнайы мектептердің 20%-ында интерактивті тақталар 
орнатылған.
Көзі нашар көретін балалар үшін 46 компьютерлік тифлокешен сатып 
алынды. 
Арнайы мектептердің 95%-ға жуығы Интернетке қосылған. Арнайы білім 
беру ұйымдарының 41%-ы логопедтік тренажерлармен, 37%-ы - есту-сөйлеу 
тренажерларымен жарақталған. 
КжТБ жүйесінде 1650 мүгедек бала білім алуда. 
Мүгедек балалардың қатарынан білім алушылардың негізгі санатын бала 
кезінен мүгедек, нашар еститін және нашар көретін балалар құрайды. 
1 және 2 топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек балалар, мүгедек балалар 
үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына түскен кезде 0,5% 
қабылдау квотасы белгіленген. Білім алушылар қатарына қабылдау кезінде 
көрсеткіштері бірдей болса, мүгедек балалардың, жетім балалардың мемлекеттік 


22 
тапсырыс бойынша білім алушылар құрамында қабылдау үшін басым 
құқығы болады. 
КжТБ жүйесінде кәсіп алу үшін адамдардың аталған санаттарына бірдей 
мүмкіндік 
беру 
мақсатында 
инклюзивті 
оқыту 
насына 
енгізілуде, 
интеграцияланған оқыту жүргізіледі, жеке сабақтар өткізіледі.
Қазіргі уақытта КжТБ оқу орындарында мүмкіндігі шектелген балалар үшін 
кадрлар даярлау күрделі емес кәсіптер бойынша жүргізіледі: «құрылыстағы әрлеу 
жұмыстарының шебері», «сылақшы – маляр», «ұста», «емдеу ісі», «слесарь – ауыл 
шаруашылығы техникасын жөндеуші», «автомеханик», «аспаз», «тігін өндірісі 
және киімді модельдеу», «аяқ киім жөндеу шебері», «есептеу техникасы және 
бағдарламалық қамтамасыз ету», «тамақтандыруды ұйымдастыру», «аударма ісі», 
«іс жүргізу және мұрағаттану», «қаржы», «құқықтану», «ақпараттық жүйелер» 
және т.б.
Мүгедектер қатарындағы азаматтарға қолдау көрсету мақсатында ЖОО-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет