19
театр жұмыс істейді. 2012 жылы балаларға 200-ден астам, 2013 жылдың
1-ші жартыжылдығында – 100-ден астам спектакль көрсетілді.
Балалар кітапханаларының желісі жұмыс істейді,
«Бiлiм» телеарнасы
жұмыс істейді, оның қызмет бағыттарының бірі
мектеп оқушыларын рухани-
адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу және сауаттарын ашу болып табылады.
Әскери-патриоттық клубтар қазақстандық патриоттықты қалыптастыруда
маңызды рөл атқарады.
Қазіргі уақытта мектептердің базасында мектеп жасындағы 49 мыңнан
астам бала баратын
1 736 әскери-патриоттық клуб, тереңдетілген әскери және
физикалық
даярлық өткізілетін, 500-ден астам оқушыны қамтитын облыстық 3
кадеттік мектеп-интернаты, сондай-ақ 1 228 оқушысы бар 48 кадет сыныптары
жұмыс істейді.
Әскери-патриоттық клубтардың республикалық слёттерін, «Ұлан», «Алау»
әскери-спорттық ойындарын, «Мамыр жұлдыздары» солдат әндерінің
конкурстарын, Батылдық сабақтарын, «Іздеу»
операцияларын, Әскери даңқ
күндерін, әскери бөлімдер мен жоғары әскери училищелерінде ашық есік
күндерін, «Отанының лайықты ұлдары» кештерін, «Патриот», «Қамқорлық»
республикалық әскери-патриоттық акцияларын өткізу дәстүрге айналды.
12 жылдық білім беруге көшу шеңберінде әскери-патриоттық клубтардың
қауымдастықтары мен бірлестіктер құрылады, іздестіру-өлкетану
жұмысы мен
мұражай жұмысы жандандырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191
қаулысымен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.
Балалар мен жастардың барлық санаттарын қамту және кәсіподақтар,
бизнес, азаматтық қоғам қатысатын ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жаңа
моделі жаңа Тұжырымдаманың ерекшелігі болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды
(2013 жылғы 18 маусымдағы № 603 ҚРҮҚ).
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр.
Мемлекеттік жастар саясатын қаржылай қамтамасыз ету жыл сайын
ұлғайып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: