20
Балалар
мен
жасөспірімдер ұйымдарын дамыту жөніндегі 2013 –
2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда
1073 жастар бірлестіктері жұмыс істейді (2012
жылы – 1086). Олардың ең көбі Шығыс Қазақстан (124), Қостанай (102),
Батыс
Қазақстан облыстарында (86), ең азы – Атырау (27) және Ақтөбе (29)
облыстарында.
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер ұйымдары еліміздің орта
оқу орындарының бәрінде ақпараттық-насихат жұмыстарын ұдайы жүргізеді.
Айталық, 2013 жылғы 10 – 24 шілде аралығында «Балдаурен» РОБО
базасында «Елім менің, тағдырым сенімен мәңгілік бірге!» тақырыбына «Жас
Ұлан» жас көшбасшыларын ауыстыру өтті, 25 – 27 шілдеде «Ұланымыз Ұлы
елдің» көшбасшыларының ІІ
Республикалық форумы, «Есірткісіз болашақ»
семинары-тренингтері өткізілді.
Бүгінде «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» қатарында 1 млн. астам оқушы бар.
Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен мүгедек балалардың білім
алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету
Инклюзивті білім беруді дамыту арқылы жасына,
денсаулығының
жағдайына қарамастан, барлық балалардың сапалы
білім алуға қол жеткізуі
мемлекеттік білім беру саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады.
2013 жылы республикада даму мүмкіндігі шектелген
148 652 бала
анықталды.
Республикада даму мүмкіндігі шектелген
балаларды оқытуға арналған
арнайы білім беру ұйымдарының сараланған желісі бар.
Достарыңызбен бөлісу: