Қазақстан Республикасы балаларының негізгі демографиялық сипаттамалары Қазақстан Республикасында демографиялық саясат бала тууды өсіруге,
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өлім-жітімді азайтуға және соның
нәтижесінде адамның өмір сүру сапасын арттыруға және өмір сүру ұзақтығын
ұлғайтуға бағытталған.
Әлеуметтік және демографиялық саясат шараларын дәйекті іске асыру
нәтижесінде демографиялық процестердің оң серпіні одан әрі дами түсті.
Бұл саясатты іске асырудың негізгі көрсеткіші республиканың халық
санының ұлғаюы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2013 жылғы 1 қаңтарға халық саны 16 909 776 адамды құрады. 2012 жылмен
салыстырғанда халық санының 236 699 адамға өскен (2012 жылғы 1 қаңтарға
халық саны - 16 673 077 адам).
Оның ішінде әйелдердің саны – 8 750 895, ерлердің саны –8 158 881.
Балалардың жалпы саны ұдайы ұлғайып келеді.
0 – 18 жас аралығындағы балалардың саны – 5 029 936, 2012 жылы –
4 934 542. Бала туу көрсеткіші біртіндеп ұлғаю үрдісінде қалып отыр.
Республикадағы
бір жасқа толмаған балалардың саны –
376 574. Қазақстан Республикасы тұрғындарының құрылымындағы 0 – 18 жас аралығындағы балалардың үлесі 30%-ды құрайды.
5
Қазақстан Республикасындағы 0 ден 18 жасқа дейінгі балалар саны жылдың басына, адам Жасы Әйелдер мен ерлер Ерлер Әйелдер