Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет51/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60
өтініштерді қарау болып табылады. Балалар мен олардың ата-аналары өз 
құқықтары бұзылған жағдайда қайда шағымдану керектігін біледі.2010 сенім 
телефондары, блогтар, сайттар қызмет етеді. 
2013 жылы тек Балалар құқығын сақтау жөніндегі комитетке 2013 жылғы 10 
ай ішінде 367 жазбаша шағымдар және Балалар құқығын сақтау жөніндегі 
комитеттің және басқарманың сенім телефондарына, блогына 3 мыңнан астам 
шағымдар келіп түсті. 
2013 жылы түскен шағымдар санын 2012 жылдың ұқсас кезеңімен 
салыстырғанда 224-ке көбейгендігін талдау көрсетті
Ең көп түскен шағымдар саны:
- балалардың, жетім балалардың мүліктік құқытарын қорғау және қалпына 
келтіру мәселелері бойынша – 70 (2012 жылы - 16); 
- лауазымды тұлғалардың, сот атқарушыларының, құқық қорғау, денсаулық 
сақтау, білім бері, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары өкілдерінің 
әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдар - 45 (2012 жылы - 13); 
- балалардың білім алуға құқығын іске асыру мәселелері бойынша
(2012 жылы – 34) және баланың тұратын жерін анықтау және жақын туыстарымен 
қарым-қатынастар бойынша (2012 жылы – 37) 43 шағымнан; 
- зорлық-зомбылық, қатал ұстау фактілері бойынша - 9 (2012 жылы - 3); 
- оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мәселелері бойынша – 8
(2012 жылы - 2) және басқалар.
Барлық жазбаша шағымдарға заңнамада белгіленген мерзімдерде жауаптар 
берілді, кейбір мәселелерді шешуге көмек көрсетілді, сондай-ақ «Мектепке жол! 
Акциясының шеңберінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік 
әріптестік саласындағы мемлекет саясаты
Балалар құқықтарын қорғау мәселері бойынша ведомствоаралық өзара 
әрекет белсендірілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандар 
істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық 
комиссия жұмысын жалғастыруда, оның жұмыс органы ҚР Білім және ғылым 
министрлігі болып табылады. 


75 
2013 жылы даму мүмкіндіктері шектеулі 
балаларға 
арналған 
инклюзивті білім беру, жетім балаларды және ата-аналарының қарауынсыз қалған 
балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселлері бойынша жергілікті атқару 
органдарымен видеоконференция байланысы режимінде ВАК-тың 12-ші отырысы 
өтті. 
Жергілікті атқару органдары ВАК ұсыныстарын орындау бойынша жұмыс 
жүргізеді. 
Мектепте тамақтандыруды жаңғырту мәселелері бойынша ВАК-тың 13-ші 
отырысы желтоқсанға жоспарланған. 
ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын сақтау жөніндегі 
комитетінің жанында құрылған ҮЕҰ кеңесі әрекет етеді, оның құрамына 37 
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. 2013 жылғы сәуірде Павлодар 
қаласында «Әлеуметтік жетімдік профилактикасында ҮЕҰ және мемлекеттік 
органдар жігерінің бірігуі» тақырыбына Кеңестің IV кеңейтілген отырысы өтті. 
2013 жылғы 23 қазанда Шығыс Қазақстан облысында «Балалар үйінде 
тәрбиеленушілерді өмірде орналасу, әлеуметтік интеграция және бейімдеу 
мәселелерін шешудің инновациялық тәсілдері» ҮЕҰ Кеңесінің V кеңейтілген 
отырысы өтті. 
Екі жобаны іске асыру бойынша БҰҰ Балалар қорымен 
(ЮНИСЕФ) 
жұмыс жалғасуда: 
- «Балаға достас қала»; 
- «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердің ықпалдандырылған үлгісін іске 
асырудың бес қадамы» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет