Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет52/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
«Балаға достас қала» жобасының шеңберінде 2012 жылы Балалар 
құқықтарын сақтау жөніндегі комитеттің және Шымкент қаласы мен Қостанай 
қаласы әкімдіктерінің арасында ықтымақтастық туралы меморандумдарға, ал 
2013 жылы – Нұра ауданының және Қарағанды қаласының әкімдіктерінің 
арасында меморандумдарға қол қойылды. Барлығы 20 меморандумға қол 
қойылды. 
Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының халықаралық бастамаларды іске 
асыратын қалаларында «Аулалық клуб – балалар мүддесіндегі қозғалыс», 
«Бақытты отбасы» ата-аналарға арналған клуб (Астана қаласы), «Балаға достас 
емханалар», «Балаларға жылы шырайлы кітапханалар» (Қарағанды облысының 
Балқаш қаласы) жобалары ендірілуде, «Әкелер кеңесі» (Қарағанды облысының 
Сәтпаев қаласы), Отбасы мен балалық шақты қолдау орталығы, проблемалық 
отбасы орталығы (Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы) жұмыс істейді, 
арнайы жабдықталған бөлмелерді құру және топтық сабақтарға балаларды 
тасымалдауды ұйымдастыра отырып инклюзивтік білім беру бағдарламалары 
әзірленді (Қарағанды облысының Сарань қаласы), балалар маслихаттары құрылды 
(Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Балқаш, Қызылорда, Өскемен қалалары).
ЮНИСЕФ-пен бірлесіп Бала құқықтары туралы конвенцияны білуіне, 
сондай-ақ балалардың агрессивтілік деңгейін және кәмелетке толмағандар 


76 
арасында қатты ұстау және зорлық- зомбылық актілерінің көрінісін анықтау 
бойынша әлеуметтік зерттеулер өткізілді. 
Сонымен қатар, 2009 жылы қол қойылған «Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктерінің және 
Қазақстан Республикасындағы 
БҰҰ Балалар қорының 
(ЮНИСЕФ) арасындағы 
өзара түсінушілік туралы» үш жақты меморандумын іске асыру шеңберінде 2013 
жылдың басынан бастап әзірленіп жатқан 12-жылдық білім берудің білім беру 
стандартына апаттық тәуекелді төмендету блоктарын ықпалдандыру бойынша 
бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2013 жылы балалар 
құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық сарапшылармен және 
халықаралық ұйымдарының өкілдерімен 20-дан астам кездесулер өтті. 
2013 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 
жергілікті атқару органдарымен және ҮЕҰ-мен бірігіп балалық шақ мәселелері 
бойынша 350-ден астам әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізілді, олардың 
ішінде мыналар:
 
- «Қазақстан Республикасындағы асырап алу мәселелері» тақырыбына 
республикалық дөңгелек үстелдің отырысы (2013 жылғы 28 ақпан); 
- Балаға достас қалалардың IV форумы (Карағанды қаласы); 
- жетім балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға 
арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Таң Шолпан» 
республикалық конкурсы (Қостанай қаласы); 
- 8-ші бала еңбегін жою мәселелері жөніндегі Ұлттық ақпараттық кампания 
(ҰАК); 
- педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқушылар 
арасында «Өзін өзі тану» бойынша бірінші республикалық олимпиада;
- даму мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған «Жұлдызай» балалар 
шығармашылығының республикалық фестивалі (Астана қаласы); 
- Халықаралық отбасы күніне арнаулы «Мөлдір бұлақтан» отбасылық 
шығармашылықтың өңірлік фестивалі; 
- «Менің идеяларым менің еліме» балалар әлеуметтік бастамасының өңірлік 
қоғамдық тыңдаулары; 
- «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық 
Кеңестің төрт отырысы және басқалар. 
- қорғаншылық және қамқоршылық, мектепте тамақтануды ұйымдастыру, 
КБО-дың қызметі, бала еңбегінің ең жаман түрлерінің профилактикасы, суицидтік 
көріністер, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың 
ерікті қозғалысы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен 8 
интерактивті мәжілістер, семинарлар, конференциялар, форумдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет