13
Өлеңдерді оқу тәртібін шамамен былайша көрсетуге болады:
1) Өлең оқылмас бұрын оның мазмұны бойынша оқушымен
әңгіме өткізіледі. Бұл әңгімеде өлең ішіндегі оқушылардың ұғымы-
на ауыр-ау деген бейнелі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы
түсіндіріледі.
2) Өлеңді
ырғағына келтіре мәнерлеп, алдымен мұғалімнің
өзі оқып шығады. Оқу барысында
балалар кітаптарын жауып,
тыңдап отырады.
3) Өлең мазмұны талданады. Кейбір көлемі үлкен өлеңдер
мәнерлеп оқу үшін ғана беріледі.
4) Өлеңді екінші рет қорытындылау мақсатында оқуға дайын-
дық жұмысы жүргізіледі. Оқу техникасы (шапшаң, жай)
дауыс
сазы, хормен оқу, жеке оқушыға оқыту т.б. жұмыстар.
2. Әңгімені оқыту
Оқушылар оқыған материалының мазмұнын дұрыс қабылдап,
ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан
түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын
материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына,
білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушы-
лар әңгімені дұрыс қабылдау үшін, негізінен, мынадай жұмыстар
жүргізіледі.
1) Әңгімені қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
2) Әңгімеге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3) Әңгімені оқу.
4) Оқыған әңгіменің мазмұнын сұраққа жауап беру арқылы
айту, мазмұндау.
Көркем шығарма жазушының
сөзі арқылы жасаған көркем
бейнесі, суреті арқылы қабылданады.
Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсінді-
руді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-
мағынасын біліп алмайынша, оның мазмұнын ұғу балаларға өте
қиынға соғады. Ал оқулықтардағы әрбір әңгімедегі осы түсініксіз
болады-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіннің аяғына
сөздік ретінде бере беруге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: