Арнайы мектептің 4-сыныбындағы зерде даму
бұзылыстары бар оқушыларға оқу және
тіл дамытуды оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Арнайы мектептердің бастауыш сыныбында «Оқу және тіл
дамыту» пәні түсіндірмелі сабақтары ретінде ұйымдастырылады
және оқушылардың саналы, дұрыс, мәнерлеп, жүгірте оқу дағды-
ларын дамыту, табиғат пен қоғам туралы бастапқы мәліметтерді
хабарлау, сондай-ақ оқушыларды адамгершілік, эстетикалық
тәрбиелеу міндеттерін алға қояды. Түсіндіре оқыту – үзілістер
мен интонацияларды ескеру, логикалық екпін, қаратпа сөйлеу
интонациясын сақтау. Әсіресе мәтіннің мазмұнын қарастыруға
көп көңіл бөлінеді, түсініктер ашылып, нақтыланады, жеке сөз-
дердің мағыналары анықталады. Жаңа сөздерді түсіндіргенде,
тұрмыстағы күнделікті қолданып жүрген заттармен байланыстыра
немесе суреттер, интербелсенді тақтаны пайдаланып көрсетеді.
4-сыныпта оқушылар шағын мәтіннен бастап, күрделіге қа-
рай ауысады. Суретті тірек ете отырып, оқыған мәтін бойынша
қойылған сұрақтарға толық жауап береді. Сонымен бірге оқыл-
ған мәтіннің мазмұнын өз бетінше айта алуы тиіс. Бұл кезеңде
мұғалімнің мәтінді дұрыс оқуға аса мән беруге мүмкіндігі бар.
Балаларда дұрыс оқу дағдысын қалыптастырудың тиімді жолы,
қиындық тудыратын буындар мен сөздерге байланысты күнделікті
жаттығу материалдары беріліп отырады.
3-сыныпта қиын сөздерді оқудан кейін, 4-сыныпта мәнерлеп
оқу элементтерін меңгеруді жалғастырады. Интонациямен қатар
олар үзіліс сақтап, рөлге бөліп оқуды үйренеді. Қарапайым мәтінді
оқып, сұрақтарға өз бетінше жауап береді.
7
4-сыныпқа арналған оқулықтағы әңгімелер тілі, құрылымы,
мазмұны бойынша 3-сыныпқа қарағанда күрделірек болып келе-
ді. Бірақ қысқа әңгімелердің өзін бөлікке бөліп, мазмұнын толық
қамтып айтулары керек. Әр бөлімді талдап, мазмұны бойынша
жалпылама түсіндіріледі. Оқушылар оқылған негізгі ойды ұғуы
керек. Әрбір жаңа бөлімді, мәтінді оқу алдында мұғалім оның
мазмұны мен басты ойына назар аударатын сұрақ қояды.
4-сыныпта өтілген тақырыптарды мұғалім алдымен өзі мәнер-
леп, дауыстап, түсіндіре отырып оқиды. Дауыстап оқу – арнайы
мектепте кең тараған оқу түрі. Психологтердің зерттеуінше,
дауыстап оқу тақырыпты түсінуге жағдай жасайды. Себебі оқу-
шылар тақырыпты көріп қана қоймайды, қайталап, мұғалімнен
кейін айтады және естиді. Дауыс мәнеріне көңіл аударып оқу,
оқушылардың мәтінді түсініп оқуына көмектеседі. Мысалы: «Бізді
қоршаған әлем» тарауы бойынша «Алғашқы қар» өлеңін мұғалім
жаттап келуге береді. Күрделіліктің үшінші деңгейіндегі тапсыр-
маны орындайтын оқушылардың өзі өлеңді оқи отырып, жаттай
алмауы мүмкін. Себебі арнайы мектеп оқушыларының қабыл-
дау деңгейі төмен, сондықтан да мұғалім дауыстап оқу арқылы
қайталатып, жаттауға көмектеседі. Сыныпта мәнерлеп, түсінікті,
дауыстап оқитын оқушыдан кейін де қайталатуға болады.
Оқушылардың дауыстап оқуын әрқашан қадағалап отыру,
бірінші орында оның дұрыс оқуына жағдай жасайды. Дегенмен
де, оқытудың бұл түрі әрқашан қолайлы және үнемді емес, себебі
оқытудың жай түрі дауыстап оқуға қарағанда тезірек. Балаларды
өмірге дайындай отырып, оқудың бұл түрін қолдана білуге үйре-
туіміз керек. Арнайы мектеп оқушыларына мұғалімнің көмегінсіз
мәтінді оқу үлкен қиындық тудырады.
Арнайы мектеп оқушыларының өз бетінше оқып, түсінік айтуы
қаншалықты қиын болса да, оны қалыптастыруға жағдай жасау
керек. Оған дайындық кезеңі бірінші сыныптан бастап жүрсе де,
негізгі жұмыс оқытудың үшінші жылының екінші жартысына қо-
йылады. Онда оқушылар мәтіннен суретке сай немесе мұғалім
қойған сұраққа жауап іздейді. 4-сыныпта өз бетінше оқу түрі қалып-
тасады. Бұған дейін оқушыларда дауыстап оқу техникасы және
тұтас оқу дағдысы қалыптастырылады. 4-сыныпта өз бетінше оқу
түрінің құрылымы барынша қарапайым болуы керек. Осылайша
төртінші сыныпта мұғалім балалардың назарын сюжетті суретке
8
аудара отырып, әңгіменің бірнеше абзацын оқиды. Соңғы абза-
цын оқушылардың өзіне оқытады. Сөйтіп оқығандары бойынша
сұрақтар қойылады.
Мәнерлеп оқуды қалыптастыру үшін жұмыстың келесі түрлері
мен әдістері қолданылады:
- сөздерді, жаңылтпаштарды, тақпақтарды артикуляциялық
гимнастика кезінде нақты айту;
- хормен оқу – дауыс күшінің тепе-теңдігін сақтауға жаттықты-
ру, мұғалімнің сөйлеу мәнерінің қарқынын көрсету;
- рөлмен оқу, мәтінді сахналау.
Арнайы мектепте оқитын балалардың «Оқу және тіл дамыту»
сабақтарында жіберетін қателері:
1. Әріпті, сөзді тастап кетеді, буынды қосып оқи алмайды.
2. Кейбір буындарды, сөзді екі-үш рет қайталап оқиды.
3. Бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқиды.
4. Сөйлемді оқығанда, оқып отырған сөзінің мағынасын түсін-
бейді.
Осындай қателерді болдырмас үшін мұғалім оқушылардың оқу
кезінде осы қателерді есепке алып, түзету жолдарын қарастыруы
керек. Мысалы: Сөздерді, әріптерді тастап кететін балаларға
сөздерді буынға бөліп оқытады немесе тақтаға буындап жазып
көрсетіп, дұрыс оқуын қадағалайды. Сөзге талдау жасайды, кеспе
әріптерден сөзді құрастырғызады.
4-сыныпта оқу тәртібін мынадай деңгейде өткізуге болады:
1. Балаларды оқығанды тыңдауға дайындау, үйрету. Бұған
жататындар: балаларды алдын ала психологиялық тұрғыдан
дайындау, естігенін ұғатындай жағдай жасау, оларды ұйым-
дастыру.
2. Мәтінді, өлеңдерді оқығанда сюжетті суреттерді тиімді пай-
далану.
3. Оқыған тақырып бойынша балалардың ойын, пікірін білу,
әңгімелесу.
4. Оқыған тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру.
В. Я. Василевскийдің зерттеуінде мәтінді түсіну кезінде бас-
тауыш сынып оқушыларының ересектердің көмегінсіз оқығанын
түсінуге, шығарманың негізгі ойын ұғынуға мүмкіндігі жоқ екені
анықталды. Мысалы, «Дені саудың – жаны сау» тарауындағы
«Бес міндет» өлеңімен танысқанда, мұғалім алдымен өлеңнің
9
тақырыбымен таныстыру керек. Өлеңді оқымас бұрын тақырыпты
таныстырып, тақырып мағынасын түсіндіріп, сол бойынша сөздік
жұмыс жүргізуі тиіс. Содан кейін ғана мұғалім өлеңді мәнерлеп
оқып береді. Ал кей жағдайда керісінше, өлеңді оқып, түсіндіріп,
содан кейін ғана сөздік жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ 4-сынып -
тан бастап балалардың назарын кейіпкерлердің (ашуланды, қор-
қытып айтты, айқалады) сөздерінің авторлық сипаттарына аудару,
оларға автордың нұсқауын оқу кезінде өз бетінше анықтауды ұсы-
ну орынды. Мәтінде берілген кейіпкерлердің сөздерін оқушыларға
күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен түсіндіріп отыру
керек. Бұл сабақтың әртүрлі кезеңдерінде жүргізілетін, оқылатын
сөздік жұмысын түсіну үшін маңызды. Әрбір кезең үшін екі-төрт
сөзден артық емес сөздер алынады. Әйтпесе, балалар олардың
семантикасын ұғынбайды. Мәтінде үлкен мағыналық жүктемені
және жаңа сөздерді мұғалім дайындық жұмысы кезінде түсіндіруі-
не де болады. Бірқатар сөздер дұрыс оқуға дайындық жаттығула-
ры кезінде (1-4 сыныптар) немесе мұғалім мәтінді оқығаннан кейін
сөздік жұмысының арнайы кезеңінде талданады. Басқа сөздер
мәтінді оқу немесе талдау кезінде түсіндіріледі.
4-сыныпта оқу сабақтарының басты міндеті – балалардың тү-
сініп, еркін, мәнерлі және саналы оқу дағдыларын қалыптастыру
болып саналады. 3-сыныпта алған білімдерін одан әрі нығайтып
толықтырады. Жалпы мектептерден арнайы түзету мектепте-
ріндегі оқу сабақтарының ерекшелігі – арнайы мектептерде оқу
сабақтары түзетушілік қызмет атқарады. Арнайы мектеп оқушы-
ларында айтылу түзетіледі, неғұрлым тұрақты назар аударыла-
ды, есте сақтауы жетіледі, логикалық ойлаудың кейбір ақаулары
түзеледі, атап айтқанда, оқиғалардың реттілігі мен байланысын,
құбылыстардың себепті тәуелділігін анықтаудағы қиындықтар.
Оқылған мазмұнмен жұмыс жасау үлкен дәрежеде бейнелі қабыл-
дау кемшіліктерін түзетуге, балалардың сөздік қорын белсендіріп,
дамытуға, монологиялық сөйлеу бұзылыстарын жоюға, ауызша
ойлау жүйесін жетілдіруге көмектеседі.
4-сыныпта оқушылар толық сөздерді оқу дағдыларын меңгере-
ді. Дауыссыз, дауысты дыбыстарды сөз ішінде анық, дұрыс айта
білуді меңгеру барысында оқушылар кезең-кезеңмен орфоэпия-
лық оқуға көшеді. 4-сыныптан бастап оқушылар мазмұны жағы-
10
нан күрделіленген мәтіндерді оқып, оқылған мәтіннің мазмұнын
мұғалімнің көмегі арқылы айтып береді. Мысалы, «Көгөністер
туралы ертегі» ертегісін күрделіліктің үшінші деңгейіндегі тапсыр-
маны орындайтын сыныптағы оқушылар оқып, мұғалімнің қойған
сұрақтары негізінде мазмұнын айтып береді. Ертегі мазмұнын
айту кезінде оқушылар қосымша суреттер немесе интербелсенді
тақтаның көмегіне сүйенсе де болады.
Арнайы мектеп оқушыларына өздігінен оқыған материалдар-
ды толық түсіну қиын болады, сондықтан оқылған материалдар
бойынша арнайы жұмыс жүргізіледі.
4-сыныпқа арналған оқулықта тапсырмалар алдында айтып
өтілген күрделілігі жағынан бірдей емес. Әр тапсырма баланың
мүмкіншілік деңгейін ескере отырып құрылған. Оқулықта берілген
тапсырмалар мынадай түрде болады:
1. Сурет бойынша әңгімеле.
2. Мәтіннен сұрақтың жауабын тауып оқы.
3. Өлеңге сүйеніп күз мезгілі туралы әңгімелеп бер.
4. Тірек сөздердің көмегі арқылы сөйлем құра.
5. Мәтіннің басты кейіпкері кім?
6. Мәтіндегі кейіпкерлердің сөзін рөлге бөліп оқы.
7. Мәтіндегі кейіпкердің орнында болсаң, сен не істер едің?
8. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқып бер.
9. Өлеңнен өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал.
10. Мәтіндегі мақалдың мағынасын түсіндір.
11. Неліктен көгөністерді адамдарға теңеген?
12. Жұмбақтардың шешуін тап.
13. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.
14. Жаңылтпаштардың мағынасын түсініп оқы.
Тапсырмалардың барлығын оқушылар орындауға міндетті
емес. Мұғалімнің көмегімен, нұсқауы бойынша орындайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты 4-сыныпта барлық
көркем шығармаларды мұғалім өзі оқиды, ал оқушылар оқу-
лықты жауып, тыңдайды. Ашық оқулық оқушылардың түсінуіне
кері әсер етіп, назарын аударады. Оқушылар мұғалімнің оқы-
ған сөзін табуға тырысып немесе оқулықтағы суреттерге зейіні
аударылып, мұғалімнің оқып жатқан кезіндегі мимикасы мен
қимылдарын байқамай қалады. Арнайы мектептерде оқылған
11
мәтінге жоспар құру бойынша жұмыс 3-сыныптан басталады.
4-сыныпта сурет немесе сөздік жоспар мұғалім тарапынан
үнемі көмек көрсетіліп, ұжымдық түрде құрастырылады. Әңгіме
бөліктерінің тақырыптары сұрақ, әңгіме және сирек – атаулы
ұсыныстар түрінде іріктеледі.
Сонымен қатар оқушылар тақырыпқа байланысты негізгі
ойды мәтіннен таба білуге үйренеді. Мысалы: «Бізді қоршаған
әлем» тарауы бойынша «Тапсырма» мәтінінде мынадай тапсыр-
ма берілген: Апасының Саятқа жазған тапсырмасын мәтіннен
тауып оқы.
Мәтін бойынша оқушыға берілетін барлық сұрақтар мен тап-
сырмаларды енгізу мүмкін емес, оқулық көлеміне сыймайды.
Сондықтан әдісті түрлендіру, тапсырмаларды беру мұғалімнің
өз шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты. Қазіргі кезде оқыту
үдерісінде заманауи технологиялар кеңінен қолданылады. Оқу-
шылардың қызығушылығын ояту үшін алуан түрлі тапсырмалар
беруге болады. Сондықтан да оқулықта оқушылардың өз бетін-
ше жұмыс істеулеріне арналған тапсырмалар беріліп отырады.
Мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы – әрбір оқушының жеке
қызығушылығын ояту. Мұғалім әрбір оқушыға жеке баға беруі
керек. Оқушыны бағалай отырып, мұғалім баланың сабаққа деген
талпынысын, қызығушылығын арттырады.
Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін же-
тілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ
бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда
озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның
бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.
Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойынның
рөлін жоғары бағалайды. Бала ойын арқылы өмірге енеді, таби-
ғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, таным-түсінігін
арттырады, оқу дағдысы қалыптасады. А. С. Макаренко: «Ойын
балалар өмірінде өте маңызды рөл атқарады», – деп, балалар
ойынын жоғары бағалаған.
Сабақты ойын түрінде жүргізу оқушылардың білімге ынта-
ықыласын арттырады. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ
балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Оқытудың
түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен
12
әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық,
білімдік, тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту
де осы міндеттерден туындайды. Сабақты ойын түрінде өткізу
– сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңыз-
ды бір буыны. Сабақтың ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау,
жаңа сабақты қорытындылау кезінде, қайталау сабақтарында
пайдаланған тиімді. Ойын түрі сабақтың тақырыбы мен маз-
мұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік
маңызын да арттыра түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың
әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа
ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Дидактикалық ойын-
дар барлық сыныптарда қолданылады. В. А. Сухомлинскийдің
сөзімен айтқанда: «Ойын баланың алдынан өмір
есігін ашып,
оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың
қалыптасуы мүмкін емес».
Достарыңызбен бөлісу: |