Байланысты: О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми
Жаттықпаған ер адамдар мен төзімділікті жаттықтыратын орташа жəне жоғары білікті спортшылардың тыныштық күйде жəне максималды аэробтық жүктеме кезінде оттегі тасымалдау жүйесінің негізгі функциялық көрсеткіштерінің орташа мəліметтері Жүктеме ЖЖЖ, екп/мин СК, мл/ екп МҚК х АВА-О 2 = О 2 П (л/мин)(млО 2 /л) (млО 2 /мин) Тыныштық
күйде:
Жаттықпаған
адамдар
70
70
5 х 50 = 250
Жаттыққан
адамдар
55
90
5 х 50 = 250
Айтулы
спортшылар
50
100
5 х 50 = 250
Максималды
жұмыс
кезінде:
Жаттықпаған
адамдар
200
120
24 х 140 = 3400
Жаттыққан
адамдар
195
150
30 х 150 = 4500
Айтулы
спортшылар
190
190
36 х 155 = 5600
ЖЖЖ төмендеуі жүрек жұмысының үнемділігін жоғарылатады,
демек, оның энергиялық сұраныстары, қанмен жабдықталуы жəне
оттегі пайдалануы ЖЖЖ жоғары болған сайын соғұрлым ұлғаяды.
Сондықтан сондай бірдей жүректің минуттық қан көлемі кезінде
(тыныштық күйде жəне бұлшық ет жұмысы кезіндегі сияқты)
жаттыққан спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда, жүрек
жұмысының тиімділігі жоғары болып келеді.
Тыныштық күйдегі спорттық брадикардия механизмдері сан ал-
уан. Жүрекке парасимпатикалық (вагус-кезеген) тежеуші ықпалдың
күшеюі (парасимпатикалық тонустың жоғарылауы) негізгі рөл
атқарады.
Қоздырушы симпатикалық ықпалдың əлсіреуінің, бүйрек үсті
безінің қыртысты қабатынан катехоламиндер (адреналин мен нора-
дреналин) бөлінуі азаюының жəне осы симпатикалық медиаторларға
жүрек сезімталдығы төмендеуінің өзіндік белгілі бір маңызы бар.