Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бұлшық ет аппараты жəне төзімділік



Pdf көрінісі
бет110/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   258
Бұлшық ет аппараты жəне төзімділік
Спортшының төзімділігі өз кезегінде бұлшық ет талшықтары-
ның арнайы құрылымдық жəне биохимиялық қасиеттерімен 
анықталатын оның бұлшық ет аппаратының физиологиялық 
ерекшеліктеріне едəуір мөлшерде тəуелді болады. 
Бұлшық ет композициялары. Адамның бұлшық ет талшық-
тары екі негізгі баяу (І) жəне жылдам (ІІ) типтерге жататыны белгілі 
(осы тараудағы 41-суретті қараңыз).
Жылдам талшықтардың: жылдам тотығу-гликолиздік (ІІ-А) жəне 
жылдам гликолиздік (ІІ-В) сияқты 2 түрі бар. Баяу талшықтар жыл-
дам талшықтарға қарағанда төзімділік жаттығуларын орындауға тəн 
энергия өнімділіктің аэробтық типі басым келетін ұзақ, салыстырма-
лы күшті емес қайталап жиырылуға жақсырақ бейімделген.
Төзімділіктің көрінуімен қатар жүретін спорт түрлерінің ай-
тулы өкілдерінде бұлшық ет композицияларының ажыратылатын 
ерекшелігі олардың бұлшық еттерін құрайтын баяу талшықтардың 
салыстырмалы жоғары пайызы болып табылады. Мұнда баяу 
талшықтар пайызы мен ОМП арасында тура байланыс бар. Осымен 
қатар спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда спортшылар-
да баяу талшықтардың бірдей пайызы кезінде ОМП жоғары болады. 
Кейбір мəліметтер бойынша ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде 
(стайер) жаттықпаған адамдарға қарағанда, орта есеппен шамамен, 
1,5 есе көп болатын баяу талшықтар барлық зерттелген бұлшық 
ет талшықтарының 80%-ға жуығын құрайды. Мұның теориялық 
жағынан екі себебі бар. Бірінші себеп, бұлшық еттердегі баяу 
талшықтардың басым түсуі туа пайда болған, генетикалық алдын 
ала анықталған болуы мүмкін. Бұлшық ет аппаратының мұндай 
ерекшеліктері бар адам атап айтқанда, неғұрлым баяу («төзімді») 
талшықтардың белсенді қатысуын қажет ететін спорт түрлерінде 
жоғары нəтижелерге жетуде зор мүмкіндіктерге ие. Екінші себеп, 
баяу талшықтар пайызының артуы төзімділікке жаттықтыру сал-
дары болып табылады жəне жылдам талшықтар санының сəйкесін-
ше, азаюы есебінен жүреді. Қазіргі уақыттағы бар мəліметтер 
бірінші жорамалды растайды. 
Біріншіден, баяу талшықтардың өте жоғары пайызы ешқашан 
спортпен айналыспаған адамдарда да байқалады. Бұл жағдайда олар 
жақсы ұзақ қашықтыққа жүгіруші (стайер) болуға табиғат берген 
мүмкіндікті пайдаланбаған деп болжау орынды.


212
Екіншіден
тіпті, 
көптеген 
айлар 
бойы 
төзімділікке 
жаттықтырудың өзі дегенмен төзімділікке қатысты айқын əсерлерді 
тудыра отырып, яғни спорттық нəтижені, ОМП, баяу талшықтардың 
жуандығын жəне тотығу метаболизмі ферменттерінің белсенділігін 
жоғарылатса да, бұлшық еттердегі жылдам жəне баяу талшықтардың 
қатынасын өзгертпейді.
Үшіншіден, қарқынды жаттықтырылған бұлшық еттерде тотығу 
потенциалы жəне т.б. биохимиялық сипаттамасы жоғары болса да 
осы жəне аз жаттықтырылған бұлшық еттердегі баяу жəне жылдам 
талшықтардың пайызы бір маманданған спортшыларда мөлшермен 
бірдей болады. Аяқ бұлшық еттеріне көп жүктеме түсе орындалатын 
жаттығушыларда бұл бұлшық еттердегі баяу талшықтардың пайызы 
қол бұлшық еттердегі шамасындай болады.
Төртіншіден, монозиготалы (генетикалық идентивті) жəне дизи-
готалы (генетикалық идентивті емес) егіздерді зерттеу нəтижелері 
біріншілерде бұлшық еттердегі талшықтардың екі типі қатынасының 
(тіпті, егер екеуінің бірі спортпен белсенді шұғылданып, ал 
екіншісі шұғылданбаса да) өте таяу, ал екіншілерде бұлшық ет 
композицияларының көп вариациялы болуының мүмкін екендігін 
көрсетеді.
Сонымен бірге төзімділікке жаттықтыру кезінде жаттықтырыл-
ған бұлшық ет композициясында бəрібір де белгілі арнайы қайта 
құрылулар жүреді. Спортшының жүктеме түскен бұлшық еттерінде 
жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ-В) жоқ десе де болады жəне жыл-
дам талшықтардың негізгі массасын жылдам тотығатын талшықтар 
(ІІ-А) құрайды. Осылайша төзімділікке жаттықтыру баяу жəне жыл-
дам бұлшық ет талшықтарының өзгеріссіз қатынасы кезінде жылдам 
талшықтардың басым бөлігінің (немесе бəрін) жылдам тотығатын 
талшықтарға (ІІ-А) айналуына себепші болады. Бұл ұзақ төзімділік 
жаттығуларын орындауға неғұрлым бейімделген жəне негізінен 
аэробтық метаболизмге қабілетті талшықтардың жалпы пайызын 
арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет