236
жəне əсіресе абсолюттік табалдырықтық жүктемелер денсаулық
күйін жақсарту мақсатында дене шынықтырумен айналысатындар
пайдаланатын жүктемелерден айтарлықтай көп болады. Бірдей емес
табалдырықтық жүктемелер бір жағдайда қызметтік мүмкіндіктерді
(дене дайындығын) арттыру үшін жəне басқа жағдайда ол қол жет-
кен деңгейді ұстап тұру мақсатында қолданылады.
Дене жүктемесінің негізгі параметрлері оның қарқындылығы,
ұзақтығы мен жиілігі болып табылады. Бұл көрсеткіштердің
барлығы бірге жүктеменің көлемін анықтайды. Бұл параметрлердің
əрқайсысы жаттығу əсерінің көлемін анықтауда жеке өзіндік
рөл атқарса да, алайда, олардың өзара ықпалдары аса күрделі
болғандықтан, олардың əрбірінің салыстырмалы маңызы мен өзара
алмасу дəрежесін бөліп көрсету аса қиын. Дене жүктемесінің
əрбір параметрінің рөлі айтарлықтай шамада жаттығу əсері туралы
бағалайтын көрсеткіштерді таңдауға байланысты.
Дене жүктемесінің оптималды (табалдырықтық) параметрлері
ОМП жоғарылату мен дене салмағын (май массасын) азайту
мақсаттарында жаттығу əсерін анықтауда бірдей болмайды.
Табалдырықтық дене жүктемелер параметрлерінің салыстыр-
малы маңызы, сонымен қатар жаттығулар (күштік, жылдамдықты-
күштік, төзімділік, техникалық немесе ойын) түріне жəне жаттығулар
(үзіліссіз циклдік немесе интервалды қайталау) сипатына тəуелді
болады.
Жаттығу жүктемелерінің қарқындылығы
Төзімділікті
жаттықтыру
үдерісінде
ауқымды
циклдік
жаттығуларды
орындау
кезінде
жүктеме
қарқындылығын
анықтаудың бірнеше физиологиялық əдістері бар. Тура əдіс О
2
пай-
далану жылдамдығын абсолютті (л/мин) немесе салыстырмалы
(ОМП %) өлшеу немесе метаболизмдік эквивалент бірлігін анықтау
арқылы орындалады. Қалған барлық əдістер жанама əдістер.
Олар аэробы жүктеме қарқындылығы мен оны орындау кезіндегі
физиологиялық көрсеткіштер арасындағы белгілі бір байланысты
анықтауға негізделген. Мұндай көрсеткіштер ретінде ЖЖЖ мен ана-
эробты табалдырық ең көп пайдаланылады. Көп зерттелінгендіктен
жəне қарапайымдылығына байланысты көбіне, ЖЖЖ қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: