Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Түрлі физиологиялық қызметтер деңгейін анықтауда



Pdf көрінісі
бет130/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Түрлі физиологиялық қызметтер деңгейін анықтауда 
тұқымқуалаушылықтың рөлі бірдей болмайды. Ең алдымен, 
адамның көптеген функциялық көрсеткіштері дене мөлшері мен 
пішіміне, оның жеке буындары жəне жүрек, өкпе, қолқа диаметрі, 
т.б. сияқты кейбір ішкі мүшелердің мөлшеріне белгілі бір дəрежеде 
тəуелді болады. Көпшілік антропометриялық жəне морфологиялық 
белгілер генетикалық бақылауда болады жəне сондықтан да олар-
мен байланысты функциялық қасиеттердің тұқым қуалайтын 
уағдаластығын алдын ала анықтайды (54-сурет).
Сыртқы тыныс алу қызметі белгілі бір дəрежеде генетикалық 
болжап қойылған. Бұл сыртқы тыныс алудың өкпенің жалпы 
сыйымдылығы, қалдық жəне резервтік көлем, өкпенің тіршілік 
сыйымдылығы сияқты көрсеткіштеріне қатысты. Солай бола тұрса 
да, бұл көрсеткіштердің дене мөлшерімен байланысына негізделген 
болуы да ықтимал. Тыныс жиілігінің, сонымен қатар дене массасына 
шаққандағы салыстырмалы өкпелік көлем мен сыйымдылықтың ге-


252
нотипке тəуелділігі мүлдем байқалмайды. Сонымен бірге тынысты 
кідірту ұзақтығы, гипоксияға (изокапниялық гипоксияға) сыртқы 
тыныс алу реакциясы ерекшеліктері генетикалық факторлардың 
елеулі ықпалында болады. 
54-суретОттегіні максималды пайдалануды (ОМП немесе VO
2
max) 
монозиготалы мен дизиготалы егіздерде жəне егіз емес ағалы-інілерде 
салыстыру (A. Giovanelli мəліметтері бойынша)
Жүрек-тамыр 
жүйесі 
қызметінің 
тұқымқуалаушылық 
факторларының ықпалында болатындығына күмəн жоқ. Алай-
да, əртүрлі көрсеткіштерге бірдей ықпал етпейді. Тыныштықтағы 
ЖЖЖ аса бұл ықпалда болмайды, алайда, егер жаттықпаған адам-
дарда тыныштық күйде ЖЖЖ 60 екп/мин-тан төмен болса, ереже-
ге сəйкес олардың Тұқым қуалай спортқа бейім екендігін көрсетеді. 
Максималды ЖЖЖ жасқа жəне жынысқа қарамай генетикалық 
(тұқымқуалаушылық коэффициенті) алдын ала анықталған. 
Генетикалық факторлардың жүректің қан айдауы мен қанның 
систолалық көлем мөлшеріне ықпалы анық емес, дегенмен жүректің 
жалпы көлемі кейбір тұқымқуалаушылықпен тəуелділікте болаты-


253
ны айқындалған. Тұқымқуалаушылық факторлары айтарлықтай 
шамада сол жақ қарыншаның жуандығын немесе массасын 
(тұқымқуалаушылық коэффициенті 0,55-0,70) жəне жүректің тамыр-
лар торының (капилляризация) ерекшеліктерін, жүрекке қан апа-
ратын артерия тамырлары қабырғасының жуандығы мен олардың 
миокард қабырғасындағы таратылуын анықтайды. Төзімділік 
жаттығулары ықпалынан генетикалық идентивті егіздердің жүрек-
тері мөлшерлеріне тəн ұқсастықтардың арта түсуі қызғылықты жайт. 
Тыныштық күйде артериялық қан қысымы деңгейінің 
тұқымқуалаушылықпен тəуелділігі туралы мəліметтер қайшылыққа 
толы. Кейбір мəліметтер бойынша артериялық қан қысымы қалыпты 
адамдарда жалпы генетикалық əсер систолалық қысымға қатысты 
50-60%-ды жəне диастолалық қан қысымына қатысты 40%-ды 
құрайды. 
Бұлшық ет композициялары, яғни олардағы баяу жəне жыл-
дам бұлшық ет талшықтарының арақатынасы генетикалық ал-
дын ала анықталған. Мəселен, монозиготалы егіздердің сол бір 
бұлшық еттерінде жылдам жəне баяу талшықтардың арақатынасы 
бірдей деуге болады. Тұқымқуалаушылық коэффициенті баяу не-
месе жылдам талшықтар үшін ер адамдарда 0,99-ға жəне əйелдерде 
0,92-ге тең. Сонымен қатар, жылдам бұлшық ет талшықтарының екі 
түрлерінің (ІІ-А мен ІІ-В) пайыздық арақатынасы мұндай «туыстық» 
ұқсастыққа ие емес. Бұл сыртқы орта факторларының ықпалынан, 
атап айтқанда, жаттығу нəтижесінде оларда өзара айналудың мүмкін 
екендігін көрсетеді. 
Митохондриялар саны, мөлшері мен салыстырмалы мөлшері 
(тығыздығы), бұлшық ет ферменттерінің белсенділігі генотипке 
аз байланысты немесе мүлдем байланысты болмайды жəне орта 
ықпалына (жаттықтыруға) аса сезімтал келеді. 
Бұлшық ет күшінің абсолютті көрсеткіштері (Ньютон) 
тұқымқуалаушылыққа аз байланысты. Сонымен бірге салыстырма-
лы (дене массасына) «жалпы күш» тұқымқуалаушылықтың біршама 
жоғары коэффициентіне (0,6) тең, бұл аталмыш функциялық белгінің 
генетикалық механизмдермен белгілі бір уағдаластықта екендігін 
дəлелдейді. 
Бұлшық ет қуаттылығының генотипке аса көп тəуелділікте 
екендігі байқалады. Мəселен, монозиготалы жəне дизигота-
лы егіздерде Маргария тесті арқылы анықталған максималды 
қуаттылыққа 0,98-ге тең тұқымқуалаушылық коэффициенті тəн. 


254
Жылдам бұлшық ет талшықтарының мөлшері, салыс-
тырмалы бұлшық ет күші, қимыл реакциясы жылдамдығы, 
қозғалыстың максималды жиілігі мен жылдамдығы, максимал-
ды анаэробты қуаттылық пен лактацидті энергиялық жүйелер 
сыйымдылықтарының генетикалық негізделуі айтарлықтай шамада 
адам қабілетінің жылдамдықты-күштік деңгейінің туа пайда болған 
сипатын анықтайды. «Ұлы спринтерлер туа бітеді» деп тегін айтыл-
маса керек.
Максималды аэробты қуаттылық (оттегіні максималды пай-
далану) барынша дəрежеде тұқым қуалай беріледі. ОМП жоғары 
көрсеткіштері тек төзімділік спорт түрлері бойынша жоғары 
дəрежеде жаттыққан тұлғаларда ғана емес жəне спортпен жүйелі 
шұғылданбайтын адамдарда да тіркелген. Мысалы, дизигота-
лы егіздерде монозиготалы егіздермен салыстырғанда жоғарырақ 
ОМП жұп ішілік вариабелділік аңғарылған. Туа біткен ОМП ал-
дын ала анықталуы (ер адамдарда 93,4% жəне 95,9% ер мен əйел 
адамдарда бірге) жасқа жəне жынысқа байланысты ықпалдарға аз 
ұшырайды. Субмаксималды аэробты жұмысқа қабілеттілік те көп 
шамада генетикалық фактормен алдын ала анықталады. PWC 170 
көрсеткіші үшін тұқымқуалаушылық коэффициенті 0,9 жуық. 
ОМП жоғары мəнінің, организмнің жоғары аэробты (оттегі та-
сымалдау) мүмкіндіктерін анықтайтын көптеген физиологиялық 
факторлар мен механизмдердің, баяу бұлшық еттердің ұлғайған 
мөлшерінің генетикалық қалыптасуы төзімділікті қажет ететін 
спорт түрлерінде жоғары нəтижелерге жетуде организмнің зор 
мүмкіндіктерін анықтайды («Ұлы стайерлер туа бітеді»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет