Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет133/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Спорттық бап – cпортшының арнайы дене жаттығуларын 
орындау арқылы жоғары жетістіктерге жету қабілетінің ең жоғары 
деңгейге көтерілуі.
Спорттық бапқа келу, спортшының көптеген дайындық 
түрлерін меңгеруін талап етеді, оларға физикалық қабілеттері, əдіс-
тəсілдік техникалық дайындығы, психологиялық қалпы енеді. Осы 
көрсетілген талаптардың барлығының жоғары дəрежеге көтерілуі, 
спорттық баптың деңгейін көрсетеді.
Спорттық бапқа келу адам организмінде өте күрделі 
биохимиялық, физиологиялық өзгерістердің пайда болуына əкеледі. 
Осы кезде жүйке жүйесі жұмыстарының, бұлшық еттер, қан, тыныс 
алу жүйелерінің мүмкіндігінің, дене қуатының артуы байқалады. 


260
Спорттық бапқа келу негізінен:
1. Спорттық бапты қалыптастыру, жинақтау;
2. Спорттық бапты сақтау, ұстап тұру;
3. Спорттық бапты уақытша жоғалту сияқты үш кезеңнен тұрады.
Спорттық бапқа келудің алғашқы сатысында арнайы жаттығулар 
арқылы спорттық бапқа жеткізу жолдары іске асырылады. Осы 
сатыда физикалық қабілеттілікті арттыру, организм қызметін
жетілдіру, спорт түріне қажетті əдіс, тəсілдер шеберлігін арттыру, 
психологиялық дайындық сапасын арттыру жұмыстары жүргізіледі. 
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды толық жүзеге асыру арқылы 
ғана спорттық бап талабына жету мүмкін болады.
Егер спортшы белгіленген жұмыстарды толық орындамаса не-
месе бұрынғы жаттығу көлемінен арта алмай жатса, онда ол өзінің 
бұрынғы көрсеткішін ғана қайталауы ықтимал, ал оның жоғары 
көрсеткіштерге жету мүмкіндігі төмен болады. 
Екінші кезеңде спорттық бапқа келу қалыптасып, адам организмі 
спорт түрі қажет ететін маманданған түрде жұмыс жасай алу 
дəрежесіне жетеді. Жаттығу жұмыстарының барлығы спорт түріне 
қажетті арнайы мамандану шеберлігін арттыру бағытында іске асы-
рылады.
Осы кезеңде спорттық бап талабының барлық жақтарының 
бірдей жетілуі болмауы ықтимал. Физикалық қабілеттіліктің да-
муында, əдіс-тəсілдің жетілуінде кемшіліктер, психологиялық 
тұрақтылықтың болмауы сияқты жағдайлар анықталса, осы 
кемшіліктермен арнайы жеке жұмыс жасау қолға алынады.
Осы кезеңде спорттық бап талаптарына жеткен көрсеткіштердің 
өз мүмкіндіктерін жылдам төмендетіп алу жағдайлары да орын алуы 
мүмкін, сондықтан жаттықтырушы спорттық бапта ұстап тұрудың 
жолдарын қарастыруы қажет. 
Спорттық бапты сақтау сатысында спорттық көрсеткіштердің 
жақсаруы байқалады, бірақ ол əр спортшы дайындығының 
ерекшелігіне байланысты бірдей болмайды. Спорттық баптың ең 
жоғары сатысына жеткен кезде, жаттығу əсерінің спортшы бабы-
на əсерінің əртүрлі болуы орын алады.Ол арнайы берілген жаттығу 
тапсырмаларының салдарынан, немесе басқадай сыртқы əсерлердің 
болуынан пайда болады.
Спорттық баптың уақытша жоғалуы, жалпы жаттығу 
жұмыстарының төмендеуінен немесе спорттық бап түрлерінің өзара 
байланыстарының үзілуінен болады.


261
Спорттық бап құрамына енетін барлық жаттығу сапаларының 
өзара байланыстарының төмендеуі немесе жоғалуы, əртүрлі уақыт 
аралықтарында өтеді, ең алдымен таза спорт түріне ғана байланысты 
маманданған спорттық бап сапалары төмендейді. Негізгі физикалық 
қабілеттілік пен организм мүмкіндіктері өз сапаларын көп уақытқа 
дейін сақтауы мүмкін.
Спорттық бапты уақытша жоғалту, əркезде болып отыратын 
қалыпты жағдай. Ол оның алдағы тұрған мақсаттарды іске асыру 
үшін одан да жоғары дайындық деңгейіне жетуге жол ашады. 
Жаңа, бұрынғыдан да жоғары спорттық бапқа ену үшін, ескі 
спорттық бапқа қарағанда физикалық қабілеттеріне, спорттық 
шеберлікке, психологиялық дайындыққа адам организміне 
қойылатын талаптардың бұрынғыдан жоғары болуын талап етеді.
Спорттық жаттығу əрқашанда адамның шаршауы, болдыруын 
жеңуі арқылы іске асырылады. Осы қиындықтарды жеңе білгенде 
ғана, спортшы спорттық баптың жаңа сатысына көтеріле алады.
Спорттық баптың жоғарғы талаптарына сəйкес болу өте жоғарғы 
дəрежедегі жаттығу жүктемелерін орындау арқылы іске асырылады.
Осы аралықта жарыстарға қатысу, адамға үлкен сынақтардан 
өтуге үйретеді, шаршауды жеңудің жаңа мүмкіндігін ашады. 
Спорттық бапты үнемі жоғары деңгейде ұстап тұруға тырысу, 
адам организміне өз шамасынан тыс көп күш түсіреді, содан ба-
рып адамда «зорығу, болдыру» жағдайлары пайда болады. Жаттығу 
жүктемелерін азайту, түрлендіру, тынығу, емдеу арқылы спортшыны 
денсаулығын қалыпқа келтіреді, осы кезеңде спорттық бап төменгі 
сатыда болады.
Жылдық жаттығу циклінде спорттық бапқа ену бірнеше ең 
жоғарғы кезеңдері көтерілуі ықтимал. Олар қатысатын жарыс 
түрлеріне байланысты болады, сондықтан спорттық бап бір, екі, не-
месе көп кезеңді болып бөлінеді.
Екі немесе одан да көп рет спорттық баптың шегін ұстау олардың 
арасында арнайы тынығу кезеңдерін енгізу арқылы іске асырыла-
ды. Жаттығу жұмыстарын осылай жоспарлау кезінде спортшы-
ны табиғат аясында жаттықтыру, таулы аймақтарда жаттықтыру, 
қалыпқа келудің жаңа түрлерін қолдану сияқты шараларенгізіледі.
Əрбір спорттық баптардың арасындағы уақыт кезеңдерінде 
спорттық баптың əдіс-тəсілдік техникалық жағы жақсы сақталады 
да, көбіне физикалық қабілеттіліктері төмендейді. Жаттығудың 


262
өтпелі кезеңінде спорттық бапты жоғалтудың ең төменгі жағдайы 
орын алады.
Спорттық ғылымдағы ең маңызды мəселенің бірі – спорттық 
бапқа келу жəне оны ұзақ мерізімге сақтау жолдарын табу болып 
табылады (Д. Оңғарбаева жəне əріпт., 2013).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет