Тыныштық күйде спортшылардың функциялық дайындығын
тестілеу
Тыныштық күйде адам организмінің морфологиялық, функция-
лық жəне психофизиологиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері
белгілі бір дене жүктемесіне оның функциялық дайындығының
дəрежесін сипаттайды.
Спорттағы функциялық тестілеу ерекшеліктері
Спортшылардың функциялық дайындығын тестілеу үшін
жауапты, маңызды жарыстардағы мықты спортшылардың си-
паттамасы берілген чемпион моделі қолданады. Бұл моделден
спорттық формадағы спотшылардың арнайы дене, техникалық жəне
тактикалық дайындықтары сипаттамасын біріктіретін шеберлік
моделі немесе спорттық-маңызды сапалары алынады. Осыдан
функциялық дайындықтың барынша ақпараттық көрсеткіштері
немесе мұнан да кең көлемде функциялық жəне психологиялық
дайындық, морфологиялық ерекшеліктер, жас пен спорттық өтілі
(стажы) кіретін спорттық мүмкіндіктер моделі анықталады. Мұндай
əдіс спортшы дайындығының мақсатты міндеттерін жəне оның жеке
өзіне тəн спорттық болашағын анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмысқа организм бейімделуінің жеке дара ерекшеліктерін
бағалау үшін нақты бір адамның түрлі морфологиялық-
физиологиялық жəне психологиялық-физиологиялық көрсеткіштері
туралы мəліметтер алуға мүмкіндік беретін кешенді тестілеу
жүргізу қажет. Жаттығу үдерісінде спортшы организмінің түрлі
мүшелері мен жүйелерінің күйін зерттейтін бақылаудың оперативті
(жедел) немесе ағымдағы бақылау, сатылы (этапты) бақылау жəне
тереңдетілген медициналық тексеру сынды түрлерін қолданады
(бақылау түрлерінің сипаттамасы 13-тарауда баяндалады).
257
Тыныштық күйдегі функциялық дайындық көрсеткіштері
Спортшының орталық жүйке жүйесінде жүйке орталықтары
лабилділігінің жоғары деңгейі, оптималды қозғыштық жəне жүйке
үдерістерінің жақсы қозғалғыштығы (қозудың тежелуге алма-
суы жəне керісінше) байқалады. Барынша шапшаңдық сапасы-
на ие спортшының қимыл реакциясының уақыты қысқа бола-
ды, тыныштық күйдегі ЭЭГ-да секундына 11-12 тербеліс болатын
мидың биоэлектрлік белсенділігі альфа-ырғағының жоғары жиілігі
көрінеді. Мысалы, секундына 8-9 тербелісті құрайтын шаңғышы-
жарыскер мен күрескерлерден айырмашылығы 1 санаттағы жəне
спорт шеберлері баскетболшыларының 80%-да осы мəн (11-12
тербеліс) болады.
Білікті спортшылардың қимыл аппараты сүйектердің барынша
беріктілігі мен жуандығымен, бұлшық еттердің айқын жұмыс ги-
пертрофиясымен, олардың жоғары лабилділігі мен қозғыштығымен,
қимыл жүйкелері арқылы қозу өтудің жоғары жылдамдығымен,
бұлшық еттік гликоген мен миоглобин қорларымен, ферменттердің
жоғары белсенділігімен ерекшеленеді. Бұлшық еттердің жақсы
иннервациясын (жүйкемен жабдықталуын) жүйке-бұлшық ет
синапстарының жуандауы мен олардың санының артуы дəлелдейді.
Спортшыларға бұлшық етті ерікті жиырылтудың (ширықтыру)
жоғары көрсеткіштері жəне осымен қатар олардың өте жақсы
босаңсуы, яғни бұлшық ет қаттылығы (беріктілігі) амплитудасының
жоғары шамасы тəн.
Спортшыларда зат алмасу белок пен көмірсу қорларының артуы-
мен, негізгі алмасу деңгейінің төмендеуімен сипатталады, мұнда тек
жарыс кезеңінде ғана негізгі алмасу қалпына келудің жеткіліксіздігі
салдарынан жоғары болуы мүмкін.
Спортшылардың тыныс алуына келсек, оларда өкпенің тіршілік
сыйымдылығы (ӨТС) 6-8 л дейін ұлғайған, яғни тыныс алу беткейі
кеңейген, тыныс тереңдігі артқан, осылардың ықпалы өкпе венти-
ляциясын жақсартады жəне тыныс жиілігін 10 минутта 6-12 дем
алуға дейін төмендетеді. Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
жақсы дамыған жəне неғұрлым төзімдірек болып келеді. Мұны
ӨТС қайталап анықтау барысында өзінің жоғары мəнін сақтап
тұру қабілетінен байқауға болады. Тыныштық күйдегі минуттық
тыныс көлемі тыныс жиілігі мен тереңдігінің (көлемінің) қарама-
қарсы өзгерістері салдарынан өзгеріссіз болғанымен, дегенмен,
258
максималды өкпелік вентиляция шынықпаған адамдармен (60-
120 л/мин) салыстырғанда жаттыққан тұлғаларда (100-120 л/мин)
айтарлықтай жоғары болады. Спортшыларда, əсіресе, синхрон-
ды жүзу мен сүңгуде тынысты кідірту ұзақтығы артқан, бұл ты-
ныс алу орталығының төмен қозғыштығын жəне жақсы анаэробты
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Спортшылардың жүрек-тамыр жүйесінде де адаптивті
өзгерістер байқалады. Жаттыққан жүрек үлкен көлем мен жүрек
бұлшық етінің жуандығына ие болып келеді. Төзімділікке
жаттықтыру кезінде (стайер-желаяқтарда, шаңғышы-жарыскерлерде
мен т.б.) жүрек көлемінің 1000-1200 см
3
дейін ерекше ұлғаюы
байқалады. Бұл көрсеткіш жаттықпаған тұлғаларда 700 см
3
болады.
Сонымен қатар 1200 см
3
-ге дейін болатын үлкен жүрек көлемі ұзын
бойлы баскетболшыларға да тəн. Алайда, бұл шамадан аса жүрек
көлемінің өсуі жақсы емес, себебі жүрек бұлшық етінің өзін қанмен
қамтамасыз ету мүмкіндігі нашарлайды.
Жылдамдықты-күштік
жаттығуларға
бейімделу
кезінде
жүрек бұлшық етінің жуандауы, оның жұмыс гипертрофиясы
орын алады, ал жүрек көлемі аз дəрежеде қалыптан жоғары (800-
1000 см
3
) болады. Жүрек бұлшық етінің жұмыс гипертрофиясы жүрек
жұмысының қуаттылығын жоғарылатады, сонымен қатар күштік
жəне жылдамдықты-күштік жүктемелер жағдайында қаңқа бұлшық
еттерінің күш салуы кезінде олардағы қан ағымын қамтамасыз етеді.
Жүректің жалпы көлемінің артуы қанның резервті көлемінің
жоғарылауымен қатар жүреді жəне тыныштық күйде систолалық
қан көлемі (екпінді мөлшері) еш жоғарыламаса да, дегенмен,
жұмыс кезінде олардың айтарлықтай өсуі резервті көлем есебінен
қамтамасыз етіледі. Спортшыларда, əсіресе, стайерлерде жүректің
жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) тыныштық күйде 40-50 екп/мин, кей
жағдайларда тіптен, 28-32 екп/мин. төмендейді, яғни спорттық
брадикардия байқалады. Минуттық қан көлемі нормаға (қалыпқа)
сəйкес келеді немесе одан біраз төменірек болады.
Спорттық форма күйіндегі спортшыларда орта есеппен, 32,3%
жағдайларда спорттық гипотония – артериялық қан қысымының
100-105 мм сынап бағанасы дейін жəне одан да төмендеуі байқалады.
Бұл көбінесе, гимнасшылар мен стайер-спортшыларда кездеседі.
Артериялық гипотония байқалуы спорттық өтілі (стаж) жəне
спортшы біліктілігі деңгейі артқан сайын өсіп отырады. Спорттық
259
ойындарға мамандандырылған спортшыларда керісінше, тыныштық
күйде артериялық қысым көбіне, жоғары болуы ықтимал.
Спортшылардың қан жүйесінде эритроциттер концентрация-
сы жоғары, яғни əр литрге 6*10
12
болса, гемоглобин 160 г жəне
одан да көп болады. Бұл қанның жоғары оттектік сыйымдылығын
қамтамасыз етеді. Жаттыққан спортшы организмінде гемоглобиннің
жалпы мөлшері (800-1000 г) шынықпаған тұлғалардағы (700 г)
қордан асып түседі. Сілтілік резервтер жоғарылаған, яғни қанның
тотығуына қарсы тұру жеңілірек түседі. Қан айналымдағы қан
көлемі де көбірек болады.
Жоғарыда аталған барлық функциялық көрсеткіштердің қайта
құрылулары спортшылар организмінің дене жүктемелеріне жал-
пы бейімделуін, атап айтқанда таңдаулы спорт түрі жаттығуларына
ерекше функциялық дайындығын көрсетеді.
Шыныққандықтың ең жоғары деңгейі спорттық форма (спорттық
бап) күйіне тəн. Бұл күй организмнің барлық физиологиялық
жүйелерінің барынша мобильденуін, реттеуші үдерістердің
айтарлықтай күшеюін талап етеді. Тиісінше, ол спортшының жеке
дара ерекшеліктеріне, оның біліктілігіне жəне т.б. факторларға
байланысты ұзақ уақыт сақталмауы мүмкін. Бейімделудің мұндай
деңгейінің бағасы жоғары болып келеді, мұнда сыртқы ортаның
қолайсыз əсерлеріне организмнің реактивтілігі жоғарылайды, оның
суық тию мен жұқпалы ауруларға төзімділігі азаяды, яғни иммуни-
тет дереу төмендейді.
Спорттық практикада жиі кездесетін спорттық бап түсінігіне дене
шынықтыру мамандары келесідей анықтама береді (Д. Оңғарбаева,
Г. Мадиева, Е. Алимханов, 2013):
Достарыңызбен бөлісу: |