Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет154/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Суыққа акклиматизация. Суыққа организмнің реакция-
сы дененің перифериялық аймақтарына жылудың берілуін азайта 
отырып, ішкі температураны сақтауға көмектесетін тамырлардың 
генерализацияланған тарылуынан тұратыны белгілі.
Суық жағдайда ұзақ өмір сүру адамның суыққа қарсы тұру, яғни 
ортаның төмен температурасы кезінде дененің ішкі қажетті темпе-
ратурасын ұстап тұру (суықтық акклиматизация) қабілеттілігін біраз 


309
дəрежеде жоғарылатады. Суықтық акклиматизация негізінде: жылу-
ды жоғалтудың төмендеуі жəне негізгі алмасудың күшеюі сияқты екі 
негізгі механизм жатыр.
Суыққа акклиматизацияланған адамдарда тері вазоконстрикция-
сы азаяды, сондықтан акклиматизацияланбаған адамдарға қарағанда 
олардың аяқ-қол температуралары неғұрлым жоғары болады. Бұл ме-
ханизм қорғаныс қызметін атқарады: төмен температура жағдайында 
дененің шеткі бөлімдерінің суықтық зақымдалуының (үсуінің) ал-
дын алады жəне аяқ-қолдармен үйлестірілген (координацияланған) 
қозғалыстарды жүзеге асыра алады. Суық суға аяқ-қолын жүйелі са-
латын адамдарда (жергілікті суықтық акклиматизация) осындай экс-
позиция кезінде жергілікті қан айналу еш айтарлықтай төмендемейді. 
Бұл құбылысты қорғаныс бейімделуі ретінде қарастырған жөн. 
Акклиматизацияланған адамдардың осылайша аяқ-қолдары аз 
тоңады. 
Суықтық акклиматизация үдерісінде дененің жылу өндіруі өседі: 
негізгі алмасу артады, бұлшық ет тонусы жоғарылайды, суықтық 
діріл күшейеді, эндокриндік жəне жасуша ішілік метаболизмдік 
қайта құрулар жүреді. Осымен қатар көптеген зерттеушілер əсіресе, 
суық жағдайларда бұлшық ет əрекетіне қатысты суыққа адамның ак-
климатизациясын байқамаған. 
Алайда, жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда 
суық жағдайларға жақсы төтеп бер алады. Дене жаттығулары 
суыққа акклиматизацияланумен кейбір қатынаста ұқсас əсерлерді 
тудырады: жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда 
суықтық экспозицияға жылу өндірудің көп күшеюімен жəне тері 
температурасының аз төмендеуімен жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет