306
Суықтық діріл туындау кезінде оған бұлшық ет топтары біртін-
деп тартылып отырылады. Ол мойын, іш, кеуде бұлшық еттерінен
басталып, аяқ-қол бұлшық еттерімен аяқталады. Əртүрлі адамдар-
да суықтық дірілдеудің сипаты жəне дəрежесі бірдей емес. Суықтық
діріл дене ядросы мен беткейі температурасының өзгерістерімен бай-
ланысынан тыс біресе, пайда болады, біресе, жоғалып отырады. Тек
өте төмен температура кезінде ғана жалаңаш адамда діріл үздіксіз
созылады. Неғұрлым суықтық діріл қарқынды болса, соғұрлым
бұлшық еттік жылу өндіру жоғары болады. Сыртқы температураның
төмендеуінен, сонымен қатар ауа қозғалысы (жел) жылдамдығына
пропорциялы жылу жоғалтудан денені қорғауда суықтық дірілдің
үлесі жоғарылайды.
Егде жастағы жəне кəрі адамдарда жастарға қарағанда
суықтық діріл əлсіз көрінеді, суық жағдайларда жылу өндіру аз
жоғарылайды жəне дене температурасы көп төмендейді. Жалпы
егде жастағы адамдардың локалды (жергілікті) суықтық əсерлерге
сезімталдықтары төмен болады немесе оны мүлдем сезінбейді.
Жылу өндіру суықтық дірілмен байланыссыз (метаболизмдік
емес термогенез) метаболизмдік үдерістердің күшеюі есебінен де
жоғарылауы мүмкін.
Суық жағдайда тыныштық күйде оттегі пайдалану жоғарылай-
ды. Бұл жоғарылау шамасы қоршаған орта температурасына, салы-
стырмалы май мөлшеріне (тері асты май қабатының қалыңдығына),
киім сипатына жəне сонымен қатар суықта болу мерзімінің
ұзақтығымен байланысты. Оттегі пайдалану жылдамдығы (АВА-О
2
жүйесінің айтарлықтай өзгеріссіз) жүректің минуттық қан көлемінің
артуымен параллельді жоғарылайды. Мəселен, 5ºС ауа температура-
сы кезінде жалаңаш адамның оттегі пайдалану жылдамдығы жəне
жүректің минуттық қан көлемі екі есеге артады. Бірақ суықтық
экспозиция кезінде ЖЖЖ өзгеріссіз қалады, сəйкесінше, жүректің
минуттық қан көлемі систолалық көлемнің артуы есебінен ғана
жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: