304
алады. Тек неғұрлым айтарлықтай тəуліктік терді жоғалту кезінде
тəулігіне 4 л терге – 3-4 г тұз, 5 л терге – 10 г жуық тұз, 6 л терге
– 15 г жуық тұз есебінде тұздарды арнайы қабылдау қажеттілігі ту-
ындайды. Мұнда тұз таблеткалары міндетті түрде «алмастырғыш»
сұйықтықтар мөлшерімен барабар қолданылу керек.
Ыстық жағдайларда көп күндік қарқынды жаттықтырудан кейін
денеде
калий иондарының тапшылығы байқалуы мүмкін. Мұндай
тапшылықтың салдарынан қаңқа бұлшық еттері мен жүректің
жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі,
тер өнімінің азаюы, зəрмен
су жəне натрий мөлшерін жоғалтудың артуы, сонымен қатар
дене жүктемесінен кейін бұлшық еттерде
гликоген ресинтезінің
бұзылуы мүмкін. Сондықтан ыстық жағдайда жүргізілген қарқынды
жаттықтыру кезінде ас рационында калийдің жеткілікті мөлшері
(тəулігіне 80 мэкв дейін) болуы қажет. Сонымен қатар жеңіл
еритін жəне асқазанда тез абсорбцияланатын калий препараттарын
қабылдау қауіпті. Себебі əсіресе, жүрек үшін токсинді болып келетін
гиперкалемияның күшеюі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: