344
кезіндегі ОМП жүгіру кезіндегідей немесе тіпті, одан біраз жоғары
да болады.
Бұл мəліметтер судағы дененің горизонталды қалпы (жер үсті
жағдайындағы жұмыс кезіндегі кəдімгі
вертикалды қалыптан
айырмашылығы), аз бұлшық ет массасының активациясы жəне қол
мен иық белдеуі бұлшық еттерінің басым жұмыстары (жер үсті локо-
моциялары кезінде аяқ жəне кеуде бұлшық ет жұмыстарының басым
болуынан айырмашылығы) сияқты жүзудің бірегей ерекшеліктері-
мен байланысты жүзу
жаттығуының жоғары ерекшелігі
(спецификалығы) туралы көрсетеді.
Сəйкесінше, жер үсті жағдайында өлшенген ОМП-ды жүзгіштің
аэробтық жұмысқа қабілеттілігін бағалау үшін қолдануға болмайды,
ал оның максималды аэробтық қуаттылықты арттыруға бағытталған
жаттықтырулары негізінен жүзу болу керек.
Түрлі əдістермен жүзуде ОМП-ға жету əртүрлі жылдамдық
кезінде болады: басқа əдістерге қарағанда брасс əдісімен жүзуде – аз
жылдамдықпен жетеді. Бірдей əдістермен жүзу кезінде аз жаттыққан
спортшылар көбірек жаттыққан жүзгіштерге
қарағанда өздерінің
ОМП деңгейіне неғұрлым төмен жылдамдықта жетеді.
Айтулы жүзгіштер, əсіресе, стайерлер (ұзақ қашықтыққа
жүзгіштер) жоғары ОМП ерекшеленеді: жүзу
кезінде орта есеп-
пен 5,2 л/мин. (4-6 л/мин) жəне тредбанда жүгіру кезінде 5,4 л/мин.
(4,7-6,4 л/мин), яғни айырмашылық орта есеппен, 5,6% құрайды.
Сəйкес көрсеткіштер əйелдерде – 3,4 л/мин. (2,9-3,7 л/мин) жəне 3,6
л/мин. (3,4-4 л/мин) болады. Салыстырмалы «жүгіру» ОМП (дене
салмағының 1 кг-на) ерлерде орта есеппен 68,6 мл/кг-мин. (62,5-
76,4), əйелдерде – 55,3 мл/кг-мин. (47,8-61,2), яғни
төзімділіктің
көрінуін қажет ететін спорттың «жердегі» түрлері өкілдеріне
қарағанда төмен болады.
Жүзгіштердің көбіне стайер-жүгірушілерге
қарағанда салмағы
көбірек. Сондықтан оларда салыстырмалы ОМП жақсы стайерлер-
ге қарағанда азырақ келеді. Жүзу кезінде дене салмағы өте аз бо-
лады жəне «жер үсті» локомоцияларынан айырмашылығы жүктеме
факторы ретінде ешқандай рөл атқармайды. Жүзу кезіндегі энергия
шығыны жүгіру кезіндегі сияқты дене салмағына пропорциялы емес.
Сондықтан жүзгіштердің максималды аэробтық мүмкіндіктерін
абсолютті ОМП (л/мин) бойынша бағалаған дұрыс.