Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет173/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

64-сурет. Су бетінде денені ұстап тұру кезіндегі О
2
пайдалану мен 
батырушы күш арасындағы байланыс (Я. М. Коц бойынша)


340
Тіке кедергі. Жүзу кезінде негізгі бұлшық ет жұмысы суда денені 
ұстап тұруға емес, тіке кедергі деп аталатын дене қозғалысына кедергі 
күшті жеңуге жұмсалады. Оның өлшемі судың тұтқырлығына
дененің өлшемі мен пішініне жəне ең бастысы – оның алға жыл-
жу жылдамдығына байланысты. Дене беткейі үлкен адамдар дене 
беткейі кіші адамдарға қарағанда айтарлықтай көбірек су кедергісін 
сезінеді. Сəйкесінше, ер адамдарда əйелдерге қарағанда тіке кедергі 
орта есеппен жоғары болады. Бірақ дене беткейі өлшемін ескеру 
кезінде бұл айырмашылық əйелдер мен ерлер арасында маңызды 
болмайды. Тіке кедергі өлшеміне түрлі жүзу əдісіндегі судағы дене 
қалпы мен жүзу циклінің түрлі фазалары ықпал етеді. 
Суда жоғары жылдамдықпен алға жылжу кезінде тіке кедергіден 
асып түсу (оны жеңу) жүзгіш үшін дене жүктемесінің негізгі 
компонентін құрайды. Егер сүйреу жолымен адамның денесін суда 
тартса, онда тіке кедергі бұл пассивті алға жылжытуға шамамен
сүйреу жылдамдығының шаршысына пропорциялы өседі. Бас, кеуде 
жəне аяқ-қол қозғалыстары арқылы салдарынан тіке кедергі кролль 
əдісімен жүзу кезінде 1,5 есеге, брасс əдісімен жүзуде 2 есеге көп 
болады. 
Қозғаушы немесе пропульсивті күш. Бұл күш жүзгіштің 
белсенді бұлшық ет əрекеті нəтижесінде туындайды жəне жүзу 
қозғалысы кезінде туындайтын тіке кедергі мен көтеруші күш 
екеуінің əсерінің жиынтығы болып табылады. Ол жүзгіштің дене 
қозғалысының бағыты мен жылдамдығын анықтайды. Пропульсивті 
күшті тура өлшеу мүмкін емес, оны спортшыда өлшегіш құрал 
арқылы анықтайды. 
Өлшегіш құрал арқылы анықталған барынша қозғаушы күш 
брасс əдісімен жүзу кезінде 22 кг жуық тіркелген. Басқа əдістер 
арқылы жүзу кезінде бұл күш шамамен, бірдей – максималды 13-
14 кг болады. Брасс əдісімен жүзуде барынша үлесті аяқ жұмысы, 
ал кролль əдісімен жүзуде қол жұмыстары атқарады. Баттерфляй 
əдісімен жүзу кезінде аяқ, қолдың қозғаушы күші шамамен, бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет