341
Жүзу энергетикасы
Жүзу кезіндегі
энергия шығыны шамамен,
осындай ұқсас
өлшемдегі балықтарға қарағанда 30 есе жəне сондай жылдамдықпен
жүгіруге қарағанда 5-10 есе көп. Өте төмен жылдамдықпен жүзу
кезіндегі адамдардағы энергиялық
шығынның айтарлықтай
айырмашылықтары олардағы батырушы күштің (қалқымалылықтың)
əртүрлі болуымен түсіндіріледі. Бірдей жылдамдықпен жүзу кезінде
əйелдер ер адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды. Бұл ең ал-
дымен əйелдерде қалқымалылықтың жоғары болуымен байланысты.
Еркін жүзу кезінде жүзу жылдамдығы артқан сайын оттегі пай-
далану экспоненциалды (шамамен,
жылдамдық шаршысына про-
порциялы), ал брасс жəне дельфин əдісімен жүзу кезінде тек үлкен
жылдамдықтарда біраз баяулап сызықтық артады. Энергиялық шы-
ғын (О
2
пайдалану) мен түрлі əдіспен жүзу жылдамдығы арасындағы
мұндай тəуелділік сипаты ең алдымен, механикалық тиімділік пен
тіке кедергі өзгерістерінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Брасс
жəне дельфин əдістерімен жүзу кезіндегі энергиялық шығын еркін
жүзу кезіне қарағанда екі есеге көбірек болады.
100 м арақашықтықта (50-60 с) шамамен, энергияның 80%-ы
анаэробтық жолмен (максималдыға жуық анаэробтық қуаттылық)
қамтамасыз етіледі. Арақашықтық артқан сайын энергия өндірілудің
аэробтық компоненті жоғарылайды: 400 м арақашықтықта ол жалпы
энергия өндірілуден 50% асады. 800 жəне 1500 м арақашықтықтарда
оттектік жүйенің қуаттылығы мен сыйымдылығы өте маңызды рөл
атқарады.
Қандағы сүт қышқылы мөлшері
жылдам артуынан басталатын
(анаэробтық лактацидемиялық табалдырық)
жылдамдық ОМП-
дың шамамен, 80%-на сəйкес келеді. Жаттыққан жүзгіштер О
2
пайдаланудың салыстырмалы жоғары деңгейінде (ОМП-дың 60-
70%) қандағы лактат мөлшерінің жоғарылауынсыз
жұмыс істеуге
қабілетті болады. Жүзудің максималды
жылдамдығы кезінде
анаэробтық гликолиз энергияның 50-60%-ын қамтамасыз етеді.
Жоғары білікті спортшыларда қандағы лактаттың максималды кон-
центрациясы 18 моль/л-ге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: