346
төмен болады. Мұндай салыстырмалы гиповентиляцияның себеп-
тері тыныс экскурсиясын қиындататын
кеуде қуысына судың
қысымы, тыныс алудың жүзу ырғағына (есу қозғалысының жиілігіне)
тəуелділігі сияқты ерекше механикалық жағдайлар болып табылады.
О
2
пайдаланудың бірдей деңгейі кезінде өкпе вентиляциясы кролль
əдісімен жүзуде жүгіруге немесе шалқалап жүзуге қарағанда көбіне
30%-ға азырақ келеді. Максималды аэробтық жүзу кезінде де өкпе
вентиляциясының орташа мөлшері максималды аэробтық жүгіруге
(«жердегі» ОМП деңгейіне) қарағанда төмен. Жүзу кезінде жүгіруге
қарағанда тыныс жиілігі сирек мəнге ие.
Салыстырмалы гиповентиляцияға қарамастан жүзу кезінде
артериялық қандағы
парциалдық кернеу мен О
2
мөлшері шама-
мен, жер үсті бұлшық ет əрекеттері кезіндегідей. Бірақ максимал-
ды аэробтық жүзу кезінде максималды аэробтық жүгіруге қарағанда
альвеолалық-артериялық О
2
-градиент төмен болғанмен, артериялық
қанның оттегімен қанығуы 91%-ға жуық, яғни сондай мөлшерде бо-
лады.
Сонымен, өкпе вентиляциясы тіпті, максималды аэробтық жүзу
кезінде жүгіру кезіндегідей артериялық
қанды оттегімен сондай
дəрежеде қанықтыру үшін жеткілікті. Сəйкесінше, сыртқы тыныс
алу құрғақтағы сияқты ОМП шектемейді. Жүзу кезіндегі жер үсті
локомоциясына қарағанда неғұрлым ОМП аз болуы салыстырмалы
төмен вентиляциямен байланысты емес.
Достарыңызбен бөлісу: