354
Бойлары 160 см əйел мен 176 см болатын ер адамның барлық
қатарлық (сызықтық) мөлшерлерін дене ұзындығына пропорциялы
(L) деп жобалап, олардың функциялық мүмкіндіктеріне салысты-
ру жүргізетін болсақ, ер адам əйел адамнан 1,1 есеге (176:160) биік.
Бұл жағдайда барлық
қатарлық мөлшерлер, яғни дененінің барлық
бөлімдері мен аяқ-қол ұзындықтары, рычаг ұзындығы (буынның ай-
налмалы осінен бұлшық ет бекіген жерге дейін қашықтық), қозғалыс
амплитудасы жəне т.б. əйелдерге қарағанда ер адамдарда 1,1 есеге
көбірек болып келеді.
Беткейлік мөлшерлер қатарлық мөлшерлердің шаршысына (L
2
)
пропорциялы. Сондықтан аталмыш мысалда өкпенің альвеолалық
беткейі, дене беткейі, қолқаның, бұлшық еттің көлденең кесіндісінің
ауданы ер адамдарда əйелдерге қарағанда 1,21 есеге (1,1
2
) көбірек
болып келеді.
Көлемдік мөлшерлер қатарлық мөлщерлердің кубына (L
3
) про-
порциялы. Сəйкесінше, ерлерде қан шайналымдағы қан көлемі не-
месе жүрек көлемі, өкпе көлемі əйелдерге қарағанда 1,33 есе (1,1
3
)
көбірек болуы тиіс.
Дене массасы (салмағы) (М) да L
3
пропорциялы,
сондықтан
да басқа түрлі жағдайларда ер адамның салмағы əйел адамның
салмағына қарағанда 1,33 есе көп болуы қажет.
Бұлшық еттерді дамытуға қабілетті максималды күш (Ғ) олардың
көлденең кесіндісінің ауданына, яғни L
2
пропорциялы. Біздің мы-
салымызда ерлердегі бұлшық еттердің максималды жиырылу күші
əйел адамдарға қарағанда 1,21 есе көбірек.
Механикалық жұмыс (W) бұлшық еттің күші (F) жəне осы күш
жұмсалынған қашықтықпен (дистанция) (S) анықталады: W=F*S.
Бұлшық ет күші (Ғ) L
2
пропорциялы, ал қашықтық (S) L пропор-
циялы. Сəйкесінше жұмыс дене массасының (салмағының) неме-
се дененің сызықтық мөлшерінің кубына (L
3
) пропорциялы. Əйел
адамға қарағанда неғұрлым бойы биік
болып келетін ер адам көп
жұмыс атқаруға қабілетті, біздің мысалымызда ол 1,33 есе артық
жұмыс орындай алады.
Сыртқы орындалатын жүктеме
қуаттылығы (N) дегеніміз
– жұмыс санының (W) уақыт бірлігіне (t) қатынасы: N = W/t.
Жүктеменің максималды мүмкін болатын қуаттылығы дененің
сызықтық мөлшерлерінің шаршысына (L
2
) немесе дене салмағының
2/3 дəрежесіне (М
2/3
) пропорциялы.
355
Сонымен, дене мөлшеріндегі айырмашылықтың өзі əйелдер
мен ерлер организмдерінің қандай да бір ерекше функциялық
ерекшелігімен байланыссыз жұмысқа қабілеттіліктерінің жыныстық
өзгешеліктерін анықтай алады.
Белгілі қуаттылықты орындалатын
жұмыс химиялық энергия-
мен (оттегімен) жұмыс атқаратын бұлшық еттердің эквивалентті
қамтылуымен қамтамасыз етілуі керек. Сəйкесінше, энергия шығыны
(О
2
пайдалану жылдамдығы) жұмыс атқаратын бұлшық еттер мас-
сасымен жəне дене салмағымен байланысты болуы тиіс. Теориялық
алғышарттардан О
2
-ні максималды пайдалану L
2
немесе М
2/3
про-
порциялы деп күтуге болады. Атап айтқанда, дене мөлшеріндегі
(дене салмағы мен бұлшық ет массасындағы) айырмашылық ең ал-
дымен, əйелдермен салыстырғанда ер адамдардың ОМП неғұрлым
жоғары мəнге ие болуының себебін түсіндіреді. Көбіне əртүрлі
адамдардағы ОМП салыстыру үшін салыстырмалы көрсеткіш – дене
салмағына қатысты (мл/кг * мин) ОМП қолданылады. Алайда түрлі
дене салмақты адамдардағы ОМП салыстыруда ОМП мл/кг/
2/3
*мин-
пен көрсету неғұрлым дұрысырақ əрі нақтырақ болады.
Жүректің қан айдауы (Q) (жүректің минуттық қан көлемі) уақыт
бірлігіндегі жүректің айдаған қан көлемімен анықталады. Тиісінше,
максималды жүректің қан айдауы L
2
немесе М
2/3
пропорциялы болуы
керек.
Өкпелік желдену (вентиляция) (Vе) тыныс көлемінің тыныс
жиілігіне көбейтіндісі ретінде дене мөлшерінің сызықтық шаршы-
сына (L
2
) пропорциялы болып келеді.
Түрлі жастағы əйелдер мен ерлердегі
өкпелік көлем дене
мөлшеріне сəйкес келеді (L
3
пропорциялы). Өкпелік мөлшердегі
айырмашылықтар негізінен дененің сызықтық мөлшерлеріндегі
жыныстық ерекшеліктермен анықталады.
Əйелдер мен ерлер арасында
дене құрамында айтарлықтай
айырмашылықтар орын алған. Ересек ер адамның
бұлшық ет масса-
сы дене салмағының 40%-ын (орта есеппен, 30 кг-ға жуық) құраса,
ал əйелдерде 30%-ын (орта есеппен 18 кг) құрайды. Сонымен,
əйелдерде ерлерге қарағанда бұлшық ет массасы абсолюттік жəне
салыстырмалы көрсеткіштер бойынша да
неғұрлым азырақ болып
келеді.
Əйел адамдарда
май ұлпалары жалпы саны орта есеппен
дене салмағының 25%-ын, ал ерлерде 15%-ын құрайды. Майдың
356
абсолюттік мөлшері де əйелдерде ер адамдарға қарағанда шамамен,
4-8 кг көбірек болады.
Негізінен бұлшық еттер, сүйектер мен ішкі мүшелер құрайтын
дене массасының майсыз (дене массасынан май ұлпаларының масса-
сын алып тастағандағы) салмағы ер адамдарға қарағанда əйелдерде
15-20 кг азырақ болып келеді. Жаттықпаған əйелдерге қарағанда
спорпен шұғылданатын əйелдерде май мөлшері аз болады. Бұл
көрсеткіш тіпті, өте мықты спортшы əйелдердің өзінде, мəселен,
ұзақ қашықтыққа жүгіру шеберлерінде
жаттықпаған ер адамдарға
тəн деңгейге ғана жетуі мүмкін. Көптеген спорт түрлерінде дене
жүктемесінің негізгі бөлімі адам дене массасының орын ауыстыруы-
мен байланысты болып келеді. Сондықтан да денедегі артық май
ұлпаларының мөлшері организмге қосымша жүктеме тудырады.
Мысалы, жүгіргенде немесе секіргенде, бірақ жүзу кезінде қосымша
жүктеме тудырмайды
(10-тарауда толығымен баяндалған).
Май ұлпаларының құрамында судың болмауы себепті ерлер-
ге (дене салмағының 70%-ына жуық) қарағанда əйел адамдар
денесінде (дене салмағының 55%-ына жуық) су мөлшері төмен бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: