394
мм сынап бағанасы дейін жететін систолалық қысымның уақытша
жоғарылауы – бозбалалық гипертония байқалады. Бұл жүрек пен
қан тамырлар жүйесінің дамуы сирек жағдайларда ғана емес син-
хронды (ілеспе) жүрмеуімен байланысты. Əрі жыныстық жетілу
кезінде жүректің өсуі қан тамырларының өсуінен озып кетуі де
ықтимал. Мұның салдарынан жүрекке салыстырмалы жіңішке қан
тамырлары тұстарынан туындайтын үлкен кедергілерді жеңуге тура
келеді. Бұл жағдайларды спорт сабақтарында ескеру қажет, яғни дене
жүктемелерін тыңғылықты индивидуализациялау жəне мөлшерлеу
(дозасына сай) қажет.
Ересектерге қарағанда балаларда дене жаттығулары кезінде
систолалық қысым айтарлықтай азырақ ұлғаяды. Мəселен, макси-
малды қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде 11-12 жастағы
оқушыларда систолалық қысым орта есеппен 32 мм сынап бағанасы,
ал 15-16 жастағы жасөспірімдерде 45 мм сынап бағанасы мен 18-
20 жас аралығындағы бозбалаларда 50 мм сынап бағанасы дейін
артады.
Жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты өзгерістері өсіп
келе жатқан организм қанайналымы реттелуінің ерекшеліктерін
айғақтайды. Өмірдің алғашқы жылдарында симпатикалық ықпал
айрықша басымырақ келеді. Организмнің дамуы барысында атал-
мыш басымдық кезеген (вагус) жүйкесі ықпалының күшеюі ая-
сында азырақ көріне бастайды. Нəтижесінде, тыныштық күймен
қатар, əсіресе, қызу дене жаттығулары кезінде жүрек-тамыр
жүйелерінің тиімді қызметін қамтамасыз ететін симпатикалық жəне
парсимпатикалық ықпалдардың өзара əрекеттестігі жұмылдырыла
құрылады.
Ересектерге қарағанда бозбала спортшыларда түрлі эмоция-
лар жүрек-тамыр жүйесіне тезірек жəне күштірек əсер етеді. Ұзақ
уақыттық жағымсыз эмоциялар, сезімдер жүрек-тамыр жүйесі
реттелуінің бұзылуына əкелуі мүмкін, əрине, бұл факторлардың
спорттық жетістіктерге жетуде қолайсыз əсер ететіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: