Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ерлер мен ұлдардағы қанның оттектік сыйымдылығы жəне ар-



Pdf көрінісі
бет199/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Ерлер мен ұлдардағы қанның оттектік сыйымдылығы жəне ар-
терия қанындағы оттегі мөлшері
Жас
Көрсеткіштер
3-7
8-9 10-11 12-13
14
15 16-17 20-30
Қанның оттектік 
сыйымдылығы (%)
16,8 17,4 17,9
18,0 18,8 19,2 19,0
19,7
Артерия қанындағы 
О
2
(%)
16,5 17,0 17,4
17,5 18,3 18,8 18,3
19,0
Сəбидің алғашқы күндерінде қандағы лейкоциттер мөлшері
(1 мм
3
10 000-15 000) көп болады. Сəби өсе келе лейкоциттер 


390
мөлшері төмендей отырып, 8-10 жасқа келгенде ересек адамның 
деңгейіне жетеді. Лейкоцитарлық формулада да жасқа байла-
нысты айтарлықтай өзгерістер орын алады. Жас артқан сайын 
нейтрофилдердің пайызы артып, ал моноциттер мен лимфоциттердің 
мөлшері төмендей бастайды. Мектепке дейінгі жастағы балалар-
да қандағы нейтрофилдердің көп болмауы нəтижесінен қанның 
фагоцитарлық қызметі төмен болып келеді. 
Бұлшық ет əрекеті қан жүйесіндегі айтарлықтай өзгерістермен 
қатар жүреді. Жасөспірімдер мен бозбалаларда ересектерге қараған-
да бұлшық ет жұмысынан кейін қанның бірнеше көрсеткіштерінің, 
лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер мөлшерінің, қан ұюы 
жоғарылауы сияқты айтарлықтай өзгерістері мен олардың қалпына 
келуінің неғұрлым ұзақ кезеңі тəн. Сонымен қатар 12-14 жастағы 
жасөспірімдерде қанның жекеленген көрсеткіштерінің əртүрлі 
бағыттағы өзгерістері айғақталған. Бұл осы кезеңдегі организм 
қызметінің нейрогуморалдық реттелуінің қайта құрылуымен байла-
нысты. 
Түрлі жас кезеңдерінде жүрек-тамыр жүйесі өзіңе тəн 
ерекшеліктерімен сипатталады. Ол ең бастысы онтогенездің 
əртүрлі кезеңдеріндегі зат жəне энергия алмасудың арнайы өзіндік 
өзгерістеріне негізделеді. 
Жүрек. Балалардың жүрек бұлшық еті үшін миокардтағы 
тотығу үдерістерінің айтарлықтай күшеюімен анықталатын энергия 
шығынының жоғары деңгейі тəн. Бұл бұлшық еттердің оттегіні көп 
пайдалануымен көрініс береді. 
Баланың өсу жəне даму үдерістері барысында жүректің массасы 
ұлғайып отырады. Жүрек салмағы ұл балаларда 9-10 жаста 111,1 г 
болса, ересек тұлғаларда 244,4 г, яғни ересектермен салыстырғанда 
2 есеге аз болады. Осылармен қатар жүрек бөлімдерінің қатынасы 
да өзгеріске ұшырайды жəне оның гистологиялық құрылымы 
да қайта құрылады. Жүрек массасының ұлғаюы көбіне, сол жақ 
қарынша есебінен жүзеге асырылады. Жүйелі түрде жаттықтыру 
жүрек бұлшық еті массасының ұлғаюын тудырады. Мысалы, 
жас жүзгіштерде, шаңғышыларда, велосипедшілерде, орташа 
қашықтыққа жүгіретін желаяқтарда басқа спортшыларға қарағанда 
жүрек мөлшері көбірек ұлғаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет