389
болады. Организм дамуының жеке-дара темптеріне (қарқынына)
ОМП-дың тəуелділігі анықталған. Дене дамуы темпі бойын-
ша өздерінің құрдастарын басып озған жасөспірімдерде қалыс
қалғандарға қарағанда ОМП жоғарырақ болып келеді.
Жас спортшыларда спортпен шұғылданбайтындарға қарағанда
энергиялық алмасудың максималды деңгейі жоғарырақ болады. Мы-
салы, 16-17 жастағы спортпен айналыспайтын балаларға қарағанда
спортшыларда ОМП 50-60% жоғары.
Қан жəне қан айналу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері
Қан айналымдағы қан көлемі (дене салмағына қатысты алғанда)
жасқа байланысты: 1 жасқа дейінгі балаларда – 11%, ересектерде –
7%, 1 кг дене салмағына шаққанда 7-12 жастағы балаларда – 70 мл,
ал ересектерде – 50-65 мл болады.
Қанның формалы элементтеріне де жасқа байланысты
ерекшеліктер тəн. 1 жастағы сəбиде эритроциттер мөлшері 6-6,5
млн/мм
3
болса, жас артқан сайын ол 4-5 млн/мм
3
дейін төмендейді.
Организмнің даму барысында қандағы гемоглобин концен-
трациясы да ұлғаяды. Мысалы, ұлдар мен ерлерде 8-9 жаста 13,8,
10-11 жаста 14,4, 12-13 жаста 13,7, 14-15 жаста 15,1, 16-17 жаста
15,1, 20-25 жаста 15,5 г/% болады. Ересектермен салыстырғанда
балаларда гемоглобин мөлшерінің төмен болуынан қанның
оттектік сыйымдылығының да біршама төмен болуы түсіндіріледі
(23-кесте).
23-кесте
Достарыңызбен бөлісу: