393
балаларда қызу бұлшық ет əрекеті кезінде жүректің минуттық қан
көлемі максималды 13-16 л/мин, 14-15 жастағы жасөспірімдерде
20-24 л/мин. дейін жетуі ықтимал. Сəйкесінше, 8-9 жаста тыныштық
күймен салыстырғанда жүректің қан айдауы 4 есеге, 14-15 жаста 5-6
есеге, ал ересектерде 6-7 есеге артады.
Сонымен, жас артқан сайын жүректің
потенциалдық
мүмкіндіктері жоғарылайды. Бала жүрегі адаптациясының
айтарлықтай ерекшелігі салыстырмалы
жоғары емес систолалық
қан көлемінің жоғарылауы кезінде ЖЖЖ артуы есебінен жүректің
минуттық қан көлемінің өсуі болып табылады (Өткен тараулар-
дан біз жүректің минуттық қан көлемі
систолалық қан көлемінің
(СҚК) жүректің жиырылу жиілігіне (ЖЖЖ) көбейтіндісі ретінде
анықталатынын білеміз: МҚК=СҚКхЖЖЖ).
Балалардың қан айналым жүйесінің
ерекшеліктері тыныштық
күйдегі сияқты бұлшық ет жұмысы кезінде де зат алмасумен тығыз
байланысты болып келеді. Неғұрлым жоғары қарқындылықты
энергиялық алмасу,
салыстырмалы О
2
(1 кг дене массасы-
на) көп пайдалану балалардың жүрегіне
айтарлықтай салмақ
түсіреді. Сондықтан ересектерге қарағанда балалардың немесе
жасөспірімдердің жүрегі тыныштық күйдегі
іспеттес бұлшық ет
əрекеті кезінде де біршама қызу жұмыс атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: