53
Дене жаттығуларын жалпы физиологиялық жіктеу
Дене жаттығуларының түрлері сан алуан. Сондықтан оны тек
бір ғана критерий бойынша жіктеу мүмкін емес. Осымен дене
жаттығуларын жіктеу кезінде бірнеше физиологиялық жүйелердің
ескерілетіні түсіндіріледі. Барлық дене жаттығулары тірек қимыл
аппаратының негізгі бөлігі – бұлшық ет қызметімен тікелей іске асы-
рылатынын ескере отырып, бұлшық еттің жиырылу механизмдерін
білген жөн
(18-сурет). Себебі бұлшық еттің жұмысы оның
жиырылғыштық қасиетімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: