45
Сонымен эндокриндік жүйенің аталған
өзгерістері жоғарыда
көрсетілген бейімделу реакциясын көрсетеді.
Егер жаттықтыру жүргізілген ортада температура жоғары болса
дене температурасы онан сайын өседі. Ауыр дене жұмысында тем-
пература 1,0-1,5°С-қа жоғарылайды. Мəселен, орта жылдамдықпен
жаяу жүргенде дене температурасы 0,5-0,6°С, ал ұзақ жүргенде не
жүгіргенде ол 39-40°С-қа дейін көтеріледі.
Өте салқын микроклиматта жаттықтыру дене температурасының
төмендеуіне, тіпті,
дененің тоңазып,
жаттықтыруды жалғастыру
мүмкін болмайтын күйге əкелуі ықтимал.
Адам температурасын
тыныштық күйде жəне жаттықтыру кезінде өлшеу арқылы, көптеген
əртүрлі орта жағдайларында бейімделуді
қамтамасыз ететін
ұсыныстар енгізіледі.
Дене
жұмысы салдарынан қан жүйесінде көптеген өзгерістер
байқалады. Қанның газ тасымалдау қызметі (эритроциттер, гемогло-
бин мөлшері) артады, оның жасушаларының жаңару қарқыны үдейді,
қанның морфологиялық құрамын реттейтін жүйке орталықтарының
тонусы күшейеді. Сонымен қатар эритроциттің осмостық төзімділігі
артып, қанның тұтқырлығы көбейеді, оның оттектік сыйымдылығы
кеңейеді. Сөйтіп қан жүйесі жүктемеге сəйкес бейімделеді (Орга-
низм жүйелерінің əрбір дене жаттығуларына тəн өзгерістері алдағы
тарауларда толық баяндалып отыратын болады).
Сайып келгенде адам организмі өзінің табиғаты арқылы қарқын-
ды бұлшық ет əрекетіне бейімделеді. Динамикалық қарқынды дене
жүктемесі организмнің жүйке, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелеріне
қолайлы əсер етіп, қоршаған ортаның
жағымсыз факторларына
төзімділікті арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: