57
Күш күштік жаттығулардың табысты
орындалуын анықтайтын
негізгі қозғалыс сапасы болып табылады.
Жылдамдықты-күштік жаттығуларға жетекші бұлшық
еттер бір мезгілде салыстырмалы жоғары жиырылу күші мен
жылдамдықты, яғни жоғары қуаттылықты көрсететін динамикалық
жаттығулар жатады. Бұлшық еттік жиырылудың максималды
қуаттылығы жүктеме əсер етпеген бұлшық еттер үшін
максимал-
дыдан 30%-ға жуық қысқару жылдамдығы кезінде бұлшық еттердің
максималды белсендірілуі жағдайында көрінеді. «Күш-жылдамдық»
қисық сызығында жылдамдықты-күштік жаттығулар максимал-
ды жылдамдықтан 50-60%-ға дейін
ортаңғы орындарды алады
(20-суретті қараңыз). Бұлшық еттердің максималды қуаттылығын
максималды (статикалық) күштің 30-50%-ын құрайтын сыртқы
кедергінің (жүк) əсер етуі кезінде дамытады.
Бұлшық ет жиыры-
луы қуаттылығы жоғары жаттығулардың шекті ұзақтығы бұлшық ет
жиырылуы қуаттылығына (жүктеме) кері тəуелділікте 3-5 секундтан
1-2 минутқа дейінгі диапазонда болады.
Қуат жылдамдықты-күштік жаттығуларда маңызды рөл
атқарады.
40 50 60
70
80 90
21-сурет. Жұмыстың шекті ұзақтығының локалды статикалық жұмыс
кезіндегі (А) жиырылу күшіне жəне локалды динамикалық жұмыс
кезіндегі (Ə) қуаттылыққа (қозғалыс жиілігіне) тəуелділігі
(Я. М. Коц бойынша)
58
Төзімділікке байланысты жаттығуларды орындау кезінде
жетекші бұлшық еттердің жиырылу күші
мен жылдамдығы өте
жоғары болмаса да, бірақ оларды
бірнеше минуттан бірнеше
сағаттарға дейін (бұлшық ет жиырылу күші немесе қуаттылығынан
кері тəуелділікте) ұзақ уақыт барысында ұстап тұруға немесе
қайталауға қабілетті болып келеді.
Төзімділік –
осы топ жаттығу-
лары үшін жетекші дене сапасы болып табылады (Күштік
жаттығулар, жылдамдықты-күштік жаттығулар, төзімділікке байла-
нысты жаттығулар туралы толығымен
7-тарауда баяндалады).
22-сурет. Рекордтық (шекті) уақыттың жүгіру (Ж), жүзу (ЖЗ) жəне
конькимен жүгіру (К) жылдамдығына тəуелділігі қисық сызығы
(В. С. Фарфель бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: