Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бұлшық ет жиырылуы типтеріне байланысты дене



Pdf көрінісі
бет26/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Бұлшық ет жиырылуы типтеріне байланысты дене 
жаттығуларының жіктелуі. Жаттығуды орындауға қатысатын 
негізгі бұлшық еттердің жиырылу түрлеріне байланысты барлық 
дене жаттығулары статикалық жəне динамикалық болып бөлінеді. 
Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене бір орыннан екінші 
орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене 
қозғалыссыз қалса, статикалық жұмыс деп аталады.
Статикалық (қозғалмайтын) жаттығуларға мысалы, гимнас-
тардағы буынға тұрғанда, атқыштарда ату сəтіндегі белгілі қалыпты 
сақтау жатады. 
Динамикалық (жылжымалы) жаттығуларға, көптеген дене 
жаттығулары жатады. Мысалы, жүру, жүгіру, жүзу жəне т.б. 
қозғалыстардың барлық түрлері.
Бұлшық ет жиырылуының күші немесе қуаттылығына бай-
ланысты дене жаттығуларының жіктелуі. Дене жаттығуларын 
жетекші бұлшық ет топтарының жиырылу күші бойынша жіктеуде 
бұлшық ет жиырылуындағы екі тəуелділікті («күш-жылдамдық» 
жəне «күш-ұзақтық») ескерген жөн. «Күш-жылдамдық» тəуелді-
лігіне сəйкес динамикалық жиырылу кезінде пайда болған күш 
бұлшық еттің қысқару жылдамдығына (орын ауыстырылған дене 
бөлімдерінің қозғалыс жылдамдығына) кері пропорциялы, яғни 
неғұрлым бұл жылдамдық артқан сайын күштің көрінуі көместеу 
болып келеді. Бұл тəуелділікті басқадай былайша түсіндіруге бола-
ды: неғұрлым сыртқы күш (кедергі, салмақ) артқан сайын соғұрлым 
қысқару (қозғалыс) жылдамдығы төмен жəне көрінген күш жоғары 
болады, керісінше, неғұрлым сыртқы жүктеме аз болған сайын 
соғұрлым қозғалыс жылдамдығы жоғары жəне бұлшық ет күші 
төменірек болады. Бұлшық еттің жиырылуына байланысты күштің 
тууы оның қуаттылығын анықтайды (20-сурет).
Бұлшық еттің «күш-ұзақтық» тəуелділігі бойынша неғұрлым
күш (немесе қуаттылық) артқан сайын соғұрлым шекті ұзақтық 
қысқа болып келеді. Бұл локалды (жергілікті) жəне аймақтық 
статикалық пен динамикалық жұмыстармен (21-сурет) бірге 
ауқымды жұмыстарға (22-сурет) да тəн.
Жүктеме мөлшеріне, яғни бұлшық ет жиырылуының күші мен 
қуаттылығы жəне олармен байланысты жұмыстың шекті ұзақтығы 
бойынша барлық дене жаттығуларын: күштік, жылдамдықты-күштік 
(қуаттылық) жəне төзімділік жаттығулары деп 3 топқа бөлуге бола-
ды (19-сурет).
Күштік жаттығуларға көп сыртқы кедергінің əсер етуімен бір-


56
ге аз қозғалыс жылдамдығы кезінде статикалық немесе динамикалық 
режимде көрінетін негізгі бұлшық еттердің максималды (немесе 
дерлік максималдыға таяу) ширығуымен сипатталатын жаттығулар 
жатады. Күштік жаттығуларға 20-суреттегі «күш-жылдамдық» 
қисық сызығының сол жақ бөлігі сəйкес келеді. Күштің максимал-
ды көрінуімен жаттығулардың шекті ұзақтығы бірнеше секундпен 
есептелінеді. 
19-сурет. Дене белсенділігі континуумы (Adapted from Faulkner, Green and 
WhiteIn: Physical Activity, Fitness, and Health, Ed. Bouchard, Shephard and 
Stephens.Human Kinetics Publishers, 1994)
0
200
400
600
800
1000
1200
1400
1600
1800
2000
0
20
40
60
80
100
120


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет