Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дене жаттығуларының энергиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет28/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Дене жаттығуларының энергиялық сипаттамасы
Энергиялық құндылық жаттығулардың маңызды сипаттамасы 
болып табылады. Дене жаттығуларының энергиялық құндылығын 
анықтау үшін: 
1. Энергиялық қуаттылық;
2. Жалпы энергиялық шығын сияқты 2 көрсеткіш қолданылады.
Энергиялық қуаттылық – жаттығуды орындау кезіндегі уақыт 
бірлігіне орташа шығындалған энергия мөлшері. Олар көбінесе
физикалық бірліктермен: ватт, ккал/мин, килоджоул/мин, со-
нымен қатар «физиологиялық» бірліктермен: оттегі пайдалану 


59
жылдамдығымен (мл О
2
/мин) немесе МЕТ-пен (метаболизмдік эк-
вивалент, яғни толық жатқан қалыптағы дене салмағының 1 кг-на
1 минуттағы пайдаланған оттегі мөлшері, 1 МЕТ=3,5 мл О
2
кг/мин) 
өлшенеді.
Жалпы энергиялық шығын – жаттығудың барлығын тұтасымен 
орындау кезінде шығындалған энергия мөлшері. Жалпы энергиялық 
шығын (жаттығудың жалпы энергиялық құндылығы) жаттығуды 
орындау уақытына орташа энергиялық қуаттың өндірілуі ретінде 
анықталуы мүмкін. 
Жүгіру кезінде белгілі шекте бірдей арақашықтықты ұстауға 
жұмсалған жалпы энергиялық шығын жылжу жылдамдығына 
тəуелді емес. Өйткені жылдамдықтың (энергиялық қуаттылықтың) 
артуы кезінде сол арақашықтықты ұстау уақыты төмендейді, ал 
жылдамдықтың төмендеуі кезінде, керісінше, артады. Демек, уақытқа 
энергиялық қуаттылықтың өндірілуі, яғни жалпы энергиялық 
шығын өзгеріссіз қалады. Бірдей арақашықтықты ұстап тұруда жал-
пы энергиялық құндылық жүгіру кезінде жүру кезіне қарағанда 
жоғары болады (сағатына 8 км-ге жуық жылдамдыққа дейін): жүру 
кезінде арақашықтықтың əр километріне əйелдердің дене салмағына 
орташа 0,72 ккал/кг шығындалса, ерлердің дене салмағына 0,68 
ккал/кг жұмсалады, ал жүгіру кезінде бұл көрсеткіштер сəйкесінше, 
əйелдерде 1,08 жəне ерлерде 0,98 ккал/кг көрсетеді.
Дене жаттығуларын энергиялық құндылық көрсеткіштері бо-
йынша жеңіл, қалыпты (орташа), ауыр жəне өте ауыр деп жіктейді 
(1-кесте).
1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет