61
2-кестенің жалғасы
Аймақтық
(бір қолмен
орындалатын)
0,7-1,2
1,2-1,7
1,7-2,2
Аймақтық
(екі қолмен
орындалатын)
1,5-2,0
2,0-2,5
2,5-3,0
Ауқымды
2,5-4,0
4,0-10,0
10,0-15,0
Жаттығу ауырлығын энергиялық
бағалау барысында жаттық-
паған адамдар мен жоғары дəрежеде жаттыққан спортшылар ара-
сында айтарлықтай үлкен айырмашылықтар орын алған. Спорт-
шылар энергия жұмсалуы бойынша жаттықпаған адамдар орындай
алмайтын жүктемелерді орындай алуға қабілетті келеді.
Физиологиялық
тұрғыдан алып қарағанда, сол бір дене
жаттығуының ауырлығы оның орындалу жағдайларына байланыс-
ты, əйткенмен де оның энергиялық
құндылығы тура сол қалыпты
жағдайдағы немесе соған дерлік болса да, мысалы, таулы жерлерде
немесе жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайларында
айтарлықтай көп өзгереді.
Сонымен, жаттығулар ауырлығын тек энергиялық критерий
бойынша бағалау жеткіліксіз болады. Сондықтан дене жаттығуларын
көптеген жіктеулерде энергиялық сипаттамасымен бірге басқа
бірнеше физиологиялық көрсеткіштер де (оттегі
пайдалану
жылдамдығы (ОМП), жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), өкпе
желденуі немесе вентиляциясы (ӨВ), дене температурасы, тыныс
коэффиценті (ТК), қандағы сүт қышқылының мөлшері жəне т.б.)
ескеріледі.
Спорттық жаттығуларды физиологиялық жіктеу
Барлық спорттық жаттығуларды екі үлкен
топқа бөлуге бола-
ды. Бірінші топ жаттығуларына жетекші физиологиялық жүйелер
қызметінің белсенуі мен күш, жылдамдық немесе төзімділік
сияқты қозғалыс сапаларының көрінуін талап ететін өте үлкен дене
жүктемелері тəн. Мұндай жаттығуларға жеңіл атлетиканың барлық
түрлері, жүзу, шаңғы мен коньки тебу спорты, ескек есу, спорттық
ойындар, жекпе-жек жəне т.б. жатады. Ал екінші топқа автомото-
62
спорт, желкен, шана, желкерме, ат, авиапланер жəне дельтапла-
нер ісі сияқты техникалық жаттығулар жатады.
Бірінші топтағы
жаттығулардың көпшілігін орындау кезінде кеңістікте спортшының
орын ауыстыруы негізінен ішкі (бұлшық еттік) күштердің есебінен
іске асырылады. Ал техникалық жаттығуларды орындау кезінде
спортшының орын ауыстыруына сыртқы (бұлшық еттік емес)
күштер ең басты ықпал жасайды. Мысалы, автоспортта – машина
двигателі, шана, желкерме спортында – тартылыс күштері, жел-
кен, авиапланер жəне дельтапланер ісі спортында – ауа ағымы
күштері əсер етеді. Техникалық жаттығуларда үлкен
табыстарға
жету техникалық құралдарға (ат спортында – аттың жаратылуына,
сапасына) жəне оны меңгеру дəрежесіне өте көп байланысты. Бұл
спорттық жаттығулар спортшыларда арнайы психофизиологиялық
зейін, реакция жылдамдығы, қозғалыстың
нақты координациясы,
т.б. сияқты қызметтердің жоғары дамуын талап етеді. Сонымен бірге
техникалық спорт түрлері жаттығулары ережеге сəйкес энергиялық
жəне бұлшық ет жүйесіне, вегетативтік қамтамасыз етілу жүйесіне
жəне де күш, қуат жəне төзімділік сияқты дене сапаларына шекті
талаптар қоймайды.
njǞǠǡǚǻǠ
Достарыңызбен бөлісу: