77
28-сурет. 3 сағат велосипед тебу барысында жаттыққан жəне жаттықпаған
тұлғалардағы плазмалық глюкагон (А), инсулин (Ə) жəне глюкоза (Б)
деңгейлері (A. Giovanelli мəліметтері бойынша)
Мұндай жаттығулардың шекті ұзақтығы 3-10 мин.
(6-кестені
қараңыз). Бұл топтың жарыс жаттығуларына 1500 жəне 3000
м-ге жүгіру, 3000-5000 м-ге конькимен жүгіру, 400-800 м-ге жүзу,
академиялық есу (классикалық арақашықтықтарда) жəне велотректе
4 км жүріп өту жатады
(7-кесте).
Жаттығу басталғаннан 1,5-2 минуттан соң, сол адам үшін
жүректің
жиырылу жиілігі, систолалық қан көлемі,
минуттық қан
көлемі, ӨВ, оттегіні пайдалану жылдамдығы (ОМП) көрсеткіштері
максималды дəрежеге жетеді. Жаттығу жалғасуы барысында ӨВ,
қандағы лактат пен катехоламиндер концентрациясы арта береді.
78
Жүрек жұмысы көрсеткіштері мен оттегі пайдалану жылдамдығы
не максималды деңгейде қалады (жоғары жаттықтырылған күй
кезінде), не біраз төмендей бастайды.
Жаттығуды аяқтаған соң қандағы
лактат концентрациясы
жаттығудың шекті ұзақтығымен кері жəне спортшының біліктілігі-
мен (спорттық нəтижемен) тура тəуелділікте 15-25 ммоль/л-ға
жетеді.
Жетекші физиологиялық жүйелер мен механизмдер барлық
аэробтық жаттығулар үшін бірдей. Одан басқа жұмыс атқарушы
бұлшық еттердің лактацидтік (гликолиздік) энергиялық жүйесі
маңызды рөл атқарады.
6-кесте
Достарыңызбен бөлісу: