Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дене тəрбиесі мен спорт физиологиясының зерттеу əдістері



Pdf көрінісі
бет5/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Дене тəрбиесі мен спорт физиологиясының зерттеу əдістері
Дене тəрбиесі мен спорт физиологиясы ғылымының зерттеу ме-
тодологиясы: 
1. Көлденең бағытта салыстыра зерттеу;
2. Бойлық (тігінен) салыстыру сияқты екі бағытта жүргізіледі 
(3-сурет)
3 (А, Ə)-суреттерде липидтер (майлар) мен белоктардан тұратын 
қосылыстар – жоғары тығыздықты липопротеиндердің (ЖТЛП) 
немесе «жақсы холестеролдың» орташа концентрациясын түрлі 
жағдайларда салыстыра зерттеу көрсетілген. 
Холестерол – организм тіршілігіне қажетті май тəріздес заттар. 
Ол бауырда түзіледі жəне аспен, əсіресе, ет, сүт тағамдарымен орга-


13
низмге түсіп отырады. Холестерол барлық мүшелер мен ұлпалардың 
жасуша мембранасын жасауға қатысады, одан гормондар мен 
ішектерде майлардың сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылы 
түзіледі. Ол суда ерімейтін болғандықтан, организмде тасымал-
дануы үшін белокпен (аполипопротеинмен) «қапталады». Міне, 
осы кешенді (холестерол жəне аполипопротеин) липопротеин деп 
атайды. Қанда липопротеиндердің жоғарыда атап өтілген жоғары 
тығыздықты липопротеиндер (ЖТЛП), төмен тығыздықты липо-
протеиндер (ТТЛП) мен өте төмен тығыздықты липопротеиндер 
(ӨТТЛП) деген 3 түрі кездеседі. 
ЖТЛП майлардың организмде қайта өңделуі мен оның ор-
ганизмнен шығарылуын қамтамасыз етеді, сондықтан да олар-
ды «жақсы холестерол» деп атайды. Егер адамның холестеролдың 
жоғарылауына тұқымқуалаушылық бейімі болса немесе майлы 
тағамдарды тым көп жесе, онда қандағы холестеролдың деңгейі 
жоғарылауы мүмкін. Нəтижесінде ол қан тамырлары бойына жина-
лып, атеросклероз, жүрек ауруларының дамуына əкелуі мүмкін. Ал 
ЖТЛП майларды организмнен шығарып отыратын болғандықтан, 
олардың жоғары концентрациясы бұл аурулардың даму қатерін азай-
тады. Тіптен жалпы холестеролдың қалыпты деңгейі бола тұрып, 
ЖТЛП-ХС төмендеуі атеросклероздың дамуына əкеліп соғады. 
Сондықтан организмдегі ЖТЛП концентрациясының маңызы зор. 
3 А-суретте көлденең қима бойынша отырықшы өмір сал-
тын ұстанатын тұрғындар мен жаттыққан тұлғалар арасындағы 
айырмашылықтар динамикасы зерттелген. Салыстыра зерттеу 
нəтижелерінен ЖТЛП мөлшерінің неғұрлым дене шынықтырумен 
қарқынды айналысқан сайын соғұрлым арта түсу динамикасын 
байқауға болады. Яғни бұл көлденең қима бойынша зерттеу нəтиже-
лері спортпен шұғылданудың организм үшін маңыздылығына тағы 
бір нақты дəлел болып табылады. Ал 3 Ə-суретте эксперименттік 
топ пен бақылау тобы арасындағы айырмашылық айлар барысын-
да осы екі топтың ішінде тігінен салыстыра зерттелген. ЖТЛП 
концентрациясы спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда 
жаттыққан тұлғаларда жоғары болатындығын көруге болады. Бұл екі 
зерттеу жұмысы нəтижелерінің денсаулықты нығайту мақсатында 
халықты дене жаттығуларымен айналысуға насихаттауда алатын 
орны ерекше. 


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет