Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет6/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

3 А-сурет. Жоғары тығыздықты 
липопротеиндер (ЖТЛП) немесе 
«жақсы холестерол» орташа 
концентрациясы мен əртүрлі 
қашықтықта апта бойынша жүгіру 
арасындағы өзара байланыс. 
Зерттелушілер 5 топты: 1-топ 
бақылау тобы жаттықпаған, 2-топ 
аптасына 24 км (15 миль), 3-топ 
аптасына 48 км (30 миль), 4-топ 
аптасына 72 км (45 миль) жəне 
аптасына 96 км (60 миль) жүгірген 
тұлғалар құраған. 
Бұл зерттеудің көлденең қимасын 
сипаттайды. 
3 Ə-сурет. Жоғары тығыздықты 
липопротеиндер (ЖТЛП) немесе 
«жақсы холестерол» орташа 
концентрациясы мен айлар 
бойынша қашықтыққа жүгіру 
арасындағы өзара байланыс. 
Зерттелушілер 2 топты: 1-топ 
бақылау тобы отырықшы өмір 
салтын ұстанған тұлғалар (20 
адам), 2-топ эксперименттік топ 
(қашықтыққа жүгіруші 20 желаяқ) 
құраған.
Бұл бойлық салыстыра зерттеуді 
сипаттайды (A. Giovanelli 
мəліметтері бойынша)
Қимыл дағдыларын зерттеудің негізгі əдістерін:
1. Қозғалыстың сыртқы құрылымын сипаттайтын əдістер (кино, 
фото, видео, телетүсірілімдер, тензометрия, динамометрия, гонио-
метрия, циклография жəне т.б.);
2. Қозғалыстың ішкі құрылымын сипаттайтын əдістер 
(электрофизиологиялық əдістер: электроэнцефалография, электро-
миография, электрокардиография, қимыл бірліктерінің белсенділігі 
мен Н – рефлекстерін жазу) деп 2 топқа жіктеуге болады.
Қимыл дағдыларын кешенді бағалау биомеханикалық жəне 


15
4-суретЭлектрондық 
браслет-пульсометр
физиологиялық 
көрсеткіштерді 
бір 
мезгілде тіркеу арқылы жүргізіледі. Бұл 
бірнеше құралдар көмегімен жүзеге асы-
рылады (4-7 суреттер). Білезікке тағатын 
электрондық пульсометрлер ыңғайлы əрі 
дəл көрсетеді.
Эргометрия. Зертханалық жағдайларда 
физиологиялық зерттеулер барысында 
белгілі бір тұрақты жұмыс қарқындылы-
ғын қамтамасыз ету үшін жүктеме 
мөлшерін бақылауда ұстап отыру қажет.
Бұл эргометр құралдарының көмегімен 
жүзеге асырылады. Эргометр (грек тілінен 
ауд. эрго-жұмыс; метр шама) – адам орын-
дайтын дене жұмысының мөлшері мен 
қарқындылығын өлшеуге жəне бақылауға 
мүмкіндік беретін құрал. Солардың бірі – велоэргометр көп уақытқа 
дейін тестілеуде қолданылатын негізгі құрал болып келген (5-су-
рет). Бұл құралда вертикалды не арқамен жатқан қалыпта жұмыс-
ты орындауға болады. Велоэргометрлерде көбіне:
5-сурет. Велоэргометр


16
1. Механикалық үйкеліс;
2. Электрлік кедергі; 
3. Ауа кедергісі;
4. Сұйықтықтың гидравликалық кедергісі сияқты төрт кедергінің 
бірі қолданылады. 
Велоэргометрде зерттелушінің артериялық қан қысымын өлшеу 
жəне қан алу қиындық тудырмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет